Омар Жәлел

Омар Жәлел оқушылардың ашуына тиген дәрісіне қатысты түсініктеме берді

4090
(Жаңартылды 17:23 05.03.2020)
Абайтанушының айтуынша, қыздарды маркерге теңеудегі мақсат – әр жаратылыстың өзінің аты мен затына сай болуы керектігін ұғындыру

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараз мектебіндегі шулы дәрісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Егер маркер жазбаса, өзінің жаратылыс мақсатына жауап бермесе, біз оны "аты бар екен де, заты жоқ екен ғой" деп, лақтырып жібереміз. Сол сияқты кез келген жаратылыс иесі өз атына, затына сай болуы тиіс. Яғни, Алла Тағала сені ұл етіп жаратты ма, онда сен мал табуың керек, қыз болсаң, тұрмысқа шығып, ана атануың керек. Міне, мен осындай мысал келтірген едім. Мұны енді олар бұрмалап, "қыз баланы маркер сияқты жазып-жазып, лақтырып тастау керек екен" деп басқаша беріп жатыр. Бұл менің сөзімді бұрмалау", - деді Жәлел Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Абайтанушы қыз баланың білім алғанын қос қолдап қолдайды. Тек оған қазақтың ұлы ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтқан "зәру білім" беру керек деп санайды.

"Зәру білім бес бөліктен тұрады. Ақылды, жаныңды, иманды, малды және баланы сақтау туралы білім. Яғни күйеуінің тапқан бір малын екі ету және бала тәрбиесі. Қыз бала осы бес салада білім алуы керек. Қыз бала зәру білім алса, періштелік сипатқа өтеді және күйеуін де жақсы күтеді дейді", - деп түсіндірді ол.

Жәлелдің айтуынша, қазіргі кезде отбасыларда беріліп жатқан тәрбие мүлде басқа арнада дамып жатыр.

"Қыз мұраты – кету" дегенді біз ұмыттық. Соның салдарынан қазір біздің қыздарымыз "менің мұратым – оқу" деп ұғады. Сол себепті қазір қазақтың қыздары оқу қуып, тұрмысқа шықпай жатыр. Соның кесірі біздің демографияға кері әсер етіп, халықтың саны өспей жатыр. Мен "ұлдың мұраты – елге қызмет ету, ал қыздың мұраты – ерге қызмет ету" деп айттым. Осы қарапайым қағиданы қабылдай алмай отыр. Неге біз ерге қызмет етуіміз керек, біз бірден тікелей елге қызмет еткіміз келеді дейді. Ал мен оларға айтамын: "айналайындар-ау, сендер күйеуге шығып, сол ерлеріңді баптап, бала туып, бүкіл біліміңді отбасыңа жұмсасаңдар, сендердің ерлерің алаңсыз елге қызмет етеді" деп. Сонда ғана біз гармонияға келеміз. Оның несі жаман?", - дейді Жәлел.

Тағы оқыңыз: "Алаңды қызғанбаймын": Мұхамеджан Тазабек желіні шулатқан сөзін түсіндірді

Айтуынша, оның айтқандарын қазақша оқыған қыздар жүз пайыз қолдап отыр, өйткені олар үйінде қазақша тәрбие алған. Мұны қабылдамай жатқандар – орысша оқыған қыздар.

"Бұл жерде мәселе менде емес, мәселе – ұлттық дүниетаным мен кеңестік дүниетанымның, батыстық дүниетанымның шайқасы. Бұл менің позициям емес, қазақтың позициясы. Мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Абайдың, Сырым Датұлының сөзін айтып отырмын. Бұл жерде менің бір сөзім жоқ. "Қыз мұраты – кету" деген Сырым Датұлын сотқа беріңіздер енді!?", - деп ашуланды абайтанушы.

Кейбір желі қолданушылары "мұндай адамдарды дәріс оқуға мектептерге кіргізбеу керек" деген де ұсыныс айтқан еді. 

"Онда жалпы қазақ тіліне тыйым салу керек. Қазақ екенімізден бас тартуымыз керек. Бәріміз толықтай батысқа еліктейік. Бас тартайық онда қазақтықтан мүлдем", - деп ашынды ол.

Бұған дейін Омар Жәлелдің Тараздағы зияткерлік мектепте оқыған дәрісі оқушылардың ашуына тигенін хабарлаған едік. Абайтанушы дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген. Ол "қыздардың мұраты –  білім алып, академик атану емес, академиктерді дүниеге әкеліп, тәрбиелеу" екенін айтқан.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня меня сравнили с маркером ⠀ Сегодня к нам, на очередную встречу с выдающимися личностями, приехал Омар Жалелулы. Полный актовый зал. Дети, которые готовы услышать что-то значимое. Но вместо этого мы слышим: «Девушки не должны становится академиками, они должны рожать академиков». Почему в 21 веке я должна выслушивать лекцию о том, что я - конвейер для детей? О том, что я должна учиться не для того, чтобы добиться в этой жизни чего-то, а для того, чтобы я родила не тупого ребенка. ⠀ «Ердiн мураты елыне кызмет ету, ал айелдын мураты ерге кызмет ету»🤡 Когда я спросила «Почему я не могу сразу служить своей стране без посредников», то ответ был таковым: Есть маркер. У маркера одна цель: писать. А когда маркер перестает писать, то мы выкидываем его. Также и с женщинами.🤡 ⠀ При всем уважении, главная цель женщины - это та цель, которую она поставит перед собой. Это может быть карьера или дети, всё что угодно, но не то, что она, по мнению общества, ОБЯЗАНА. Девушки, не бойтесь говорить о том, что мы - люди, у нас есть ПРАВА, черт возьми. Давайте же их защищать в конце концов.

Публикация от Шмаяулым (@maya_shmaya)

11-сынып оқушысы әлеуметтік желіде абайтанушының сөзімен келіспейтінін айтып, жазба жариялаған.

Оқушы қыздың позициясын білім беру ұйымының әкімшілігі де қолдады.

4090
Кілт сөздер:
мектеп, оқушылар
Тақырып бойынша
Екі әулет арасындағы дау – депутат сарыағаштық баланың ісіне қатысты пікір айтты
Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді
Шетелдік көліктерге қатысты дау: министрлік өкілдері Арменияға жол тартты
Мұхамеджан Тазабек оқушылар алдында дәріс оқи ала ма – министрдің жауабы
 Архивтегі фото

Алматы Ұланбатыр арасында әуе рейсі ашылды

53
Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы – Ұланбатыр бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және "Хунну эйр" әуе компаниясының басшылығымен бірге Алматы – Ұланбатыр әуе қатынасын ашу туралы конференцияға қатысты.

"Елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтады. 2019 жылдың 10 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен екі елдің премьер-министрі арасындағы келіссөздер барысында көтерілген әуе қатынасын ашу жөніндегі келісімнің орындалғанын айтты", - делінген ақпаратта.

Бұл әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік саладағы байланыстың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Айта кетейік, 28 қыркүйекте "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады.

Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады.     

53
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын ашқан жоқ – ҰҚК
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

2616
(Жаңартылды 18:53 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

2616
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

0
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео