Нұрлан Нығматулин

Нығматулин қазақ тіліндегі сұраққа орысша жауап берген шенеунікті ұялтып тастады

13532
(Жаңартылды 12:12 11.03.2020)
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наринэ Микаелян цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкіліне қазақ тілінде сұрақ қойды

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қазақ тілінде қойылған сұраққа орысша жауап беремін деп мәжіліс төрағасынан сөз естіді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наринэ Микаелян цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкіліне қазақ тілінде сұрақ қойды.

Ал вице-министр Асхат Оразбек орыс тілінде жауап қайтарды. Бар қазақшасы "сұрағыңызға рахмет" қана болды. Одан әрі "во-первых, надо сказать...", - деп орысша зуылдай жөнелді.

Шенеуніктің бұл әрекеті мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге ұнамай қалды.

"Әрине, бізде аударма бар. Осы залда отырған әрбір азаматқа қай тілде сөйлеймін десе жағдай жасалды. Бірақ, құрметті Асхат Елубайұлы, басқа ұлттың азаматы мемлекеттік тілде сұрақ қойып тұрғанда, қазақ тілінде сайрап тұрғанда, сіздің мемлекеттік тілде жауап бермегеніңіз дұрыс емес шығар деп ойлаймын. Соны ойлауымыз керек", - деді ол.

Депутаттар төрағаның сөзінен кейін ду қол шапалақтады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қордай оқиғасынан кейін дүнген қауымына екі кеңес берді – видео

Наринэ Микаелян 2016 наурызында Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліс депутаты болып сайланды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

13532
Кілт сөздер:
шенеунік, орыс тілі, қазақ тілі, Нұрлан Нығматулин
Тақырып бойынша
"Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді
"Аллаху әкбар, ақша жоқ!": Нығматулин бәрі керемет деген министрді сөзден ұстады
Нығматулин жұмысына жаңадан кіріскен Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасады
"Неге күлесіз?!": Нығматулин министр Атамқұловқа ескерту жасады
"Сілкілеп алыңдар": Нығматулин үкіметке шүйлікті
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

94
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

94
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

47
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

47
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті