Қоғам

Тоқаев коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын жариялады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай

12 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 3863 адам бақылауда. Осы күнге дейін барлық санат бойынша 4821 адам бақылауға алынды. Оның ішінде 1 "а" - 1230, 1 "б" - 207, 2 санат бойынша – 3 384 адам. 958 адам бақылаудан алынды.

12 наурыздағы мәлімет бойынша дене қызуы көтерілген және жедел респираторлы вирус жұқтырған 96 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 23-і 1 "б" санатында, 2-ші санатта – 38, 3-ші санатта - 35 адам. Ауруханаға жатқызылғандардың 52-сі үйіне шығарылды. 44 адам стационарда қалды.

Қазақстанда әзірге коронавирус тіркелген жоқ. Алайда бас санитар 11-16 наурыз аралығында елге коронавирус кіруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Жаңалықтар
0