Алматыдағы гипермаркет

Қазақстандықтар дүкендегі азық-түлікті жаппай сатып алып жатқаны рас па?

738
Сауда желісінің өкілі тек Алматы мен елордадағы супермаркеттерде кезек болғанын айтты. Жалпы алғанда сатып алушылардың саны тек 10 процентке артқан

АЛМАТЫ, 12 наурыз — Sputnik. Коронавирусқа қатысты билік мәлімдемесінен кейін Алматыдағы гипермаркеттердің бірінде ұзын-сонар кезек болды. Magnum өкілі Sputnik Қазақстанға айтарлықтай еш нәрсе болмағанын айтты. Жалпы алғанда сатып алушылардың саны тек 10 процентке артқан.

Бейсенбі күні Қазнетте Magnum гипермаркеттер желісінде кезекте тұрған адамдардың видеосы тарай бастады.

Кадрде адамдар дүкен сөрелеріндегі азық-түлікті жаппай сатып алып жатқаны көрінеді. Қазақстандықтар бірнеше қап қант, ұн мен жарма ала бастады. Касса маңында ұзын-сонар кезек болған.

Magnum-ның PR қызметі дүрбелең тек Алматы және астанадағы дүкендерде болғанын айтты.

"Екі филиалда расымен де адам көп болды. Біреуі Алматыдағы Гагарин көшесінде, екіншісі астанадағы Тұран даңғылында орналасқан. Бірақ айтарлықтай жағдай болған жоқ", - деді Magnum дүкендер желісінің PR-директоры Дмитрий Шишкин. 

Ол халыққа дүрбелеңге бой алдырмауға кеңес берді.

"Бізде және бізге тауар ұсынушыларда азық-түлік қоры жеткілікті. Баға тұрақты болады, өзгермейді. Тауар жеткізушілермен осындай келісім жасалған болатын", - деді Magnum-да.

Сондай-ақ, Дмитрий Шишкин гипермаркетте қай уақытта кезек болмайтынын айтты. 

"Таңертең сағат 12-ге дейін келуге болады немесе түстен кейін сағат 16-дан 18-ге дейін келген дұрыс. Осы уақыттарда адам аз болады", - деді ол.

Айта кетсек, супермаркеттер мен базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді. 

Коронавирус қаупі

Қазақстанда 13 наурыздан бастап бұқаралық шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынады. 

Сонымен қатар, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтайды. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары 21 наурыздан емес, 16-сынан бастап каникулға шығады.

Тағы оқыңыз: "Бұл нақты дерек": дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды

Президент Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді.

12 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ.

738
Кілт сөздер:
видео, азық-түлік, дүкен, қазақстандықтар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1159)
Тақырып бойынша
Қазақстан неліктен коронавирус тараған елдердің тізіміне еніп кетті
Желіні дүрліктірген видео: Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат түсіндірілді
Кореяда "коронавирус жұқтырған" қазақстандықпен байланыс орнатылды - министрлік
Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырды
Министр Абаев: коронавирус жұқтырып алудан қорықпаймын
Дәрігер

Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

65
Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші жоғарылағандықтан, өңірге арнайы комиссия аттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты Атырау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

11 шілде күнгі деректер бойынша Атырау облысында 7 662 адамда коронавирус ауруы анықталған. Ал өткен тәулік ішінде 269 адамда аталған індеттің диагнозы расталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Теңіз кен орнында екі мыңнан астам компания қызметкерінде коронавирус ауруы анықталған.

Инфекция ошағы ретінде Теңіз кенішіндегі 36 вахталық поселке мен Теңізде жұмыс істейтін 57 ЖШС есепке алынған.

Айта кетейік, президент жақында ғана осы өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы комиссия жіберген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев өңір басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отырғанын айтып, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялағаны белгілі.

Кейіннен Атырау облысында карантин режимі күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

Сонымен қатар, энергетика министрлігі мен оның жергілікті жердегі атқарушы органдарына ауысымға келген жұмысшылардың ПТР тестілеуден өтуін 3 күннен аспайтын мерзімде жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте жұмыс берушілер осы тапсырманың орындалуына жауапты болады.

65
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус, Атырау облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1159)
Тақырып бойынша
Тоқаев арнайы комиссия құруға тапсырма берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Дәрігер қолындағы пробирка

Соңғы тәулікте 1 798 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

38
Коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің басым көпшілігінде – асимптоматикалық болып табылады. Ең көп жағдай Атырау мен Шығыс Қазақстан облысында және Алматы қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 779 науқас анықталды. Оның ішінде 1 061 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Жалпы, республика бойынша 58 253 жағдай анықталды. Өткен тәулік ішінде COVID-19 дертінен 1 314 адам емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы статистика/асимптоматикалық):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40
  • Алматы қаласы - 242 / 81
  • Шымкент қаласы - 137 / 99
  • Ақмола облысы - 38 / 23
  • Ақтөбе облысы - 40 / 25
  • Алматы облысы - 48 / 29
  • Атырау облысы - 269 / 200
  • Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150
  • Жамбыл облысы - 79 / 64
  • Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43
  • Қарағанды облысы - 158 / 93
  • Қостанай облысы - 56 / 19
  • Қызылорда облысы - 91 / 33
  • Маңғыстау облысы - 72 / 67
  • Павлодар облысы - 51 / 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48
  • Түркістан облысы - 56 / 41.
38
Кілт сөздер:
індет, эпидемия
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1159)
Тақырып бойынша
Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео
Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды