Қасым-Жомарт Тоқаев

Сабақ болмайды: Тоқаев ата-аналарға ақылы демалыс беруді тапсырды

15782
(Жаңартылды 14:06 13.03.2020)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус қаупіне қатысты елде енгізілген шектеулерге байланысты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынға Үкімет және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы үйде балалармен бірге қалуға мәжбүр болатын ата-ананың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру жөнінде жұмыс берушілермен жұмыс істеуді тапсырды.

"Үкімет фискалдық механизм арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдау керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бюджет қаржысын жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттау керек", -делінген ақпаратта.

Сонымен қатар мемлекет басшысы медицина мекемелері мен азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді, медицина мекемелерінің дайындығын тексеруді тапсырды.

"Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғалардың шетелге іс-сапарға шығуына тыйым салынды. Бұған мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сапарлар кірмейді", - делінген ақпаратта.

Президент қысқа мерзім ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет шығынын қайта қарауды тапсырды. Үкіметке тауарды, жұмыс пен қызметті делдалсыз, отандық өндірушілерден тікелей және ашық түрде сатып алу жүйесіне көшу тапсырылды.

Қазақстанда 13 наурыздан бастап бұқаралық шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынды. Ал  мектеп оқушылары 21 наурыздан емес, 16 наурыздан бастап демалысқа шығады. Коронавирус қаупіне байланысты студенттер қашықтан оқуға көшеді.

Коронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар
© Sputnik /
Коронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар

 

15782
Кілт сөздер:
мектеп, демалыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Оқушылар қандай жағдайда үйде оқиды – министр жауабы
Үкімет қазақтың тойларын кейінге қалдыруға кеңес берді
Бас мүфти мұсылмандарға үндеу жасады
Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берілді
ҰБТ кейінге шегерілді – білім министрі
Полиция инспекторы

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

8
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

8
Кілт сөздер:
пара, полицей
Тақырып бойынша
Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді – видео
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

494
(Жаңартылды 13:22 04.06.2020)
Жастар конгресі кеңесінің төрағасы ұйымның жаңа кеңсесінде болып, отырыс өткізгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сенаттың бұрынғы спикеріДариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға ұйым растады.

"Иә, Дариға Нұрсұлтанқызы Қазақстан жастар конгресін басқаруды жалғастырып жатыр. Жақында конгресс төрағасы жұмысқа байланысты жиналыс өткізді. Ол жерде конгрестің жұмыс жоспары мен өткен жылдағы қызметінің қорытындылары талқыланды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Әсем Мәдекешова. 

Қазақстан жастары конгресі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды. Республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдің жастар бірлестіктерінің ең ірі ұйым болып саналады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Дариға Назарбаева Қазақстан жастар конгресін 2016 жылдан бастап басқарады. 

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың екінші мамырында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат спикері Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Мемлекет басшысы парламент сенатының төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін Назарбаеваға алғыс білдірді.

 

494
Кілт сөздер:
желі, видео, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Ешкім қорқытып отырған жоқ": Дариға Назарбаева несімен есте қалды
 Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады
"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс