Қоғам

Астаналық судьяның коронавирус жұқтырғаны рас па – министрдің жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қалалық соты төрағасының коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты растамады

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан азаматы Германияда коронавирусты қалай жұқтырғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Екі қазақстандықтан коронавирус табылды - министр

Бүгін арнайы баспасөз мәслихатында тілшілер әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпаратты растап беруді сұрады. Онда Нұр-Сұлтан қалалық соты төрағасының коронавирус жұқтырғаны жайында айтылады. Министр бұл мәліметті растай алмайтынын мәлімдеді. Бірақ сыртқы істер министрлігінен "Германияда жүрген қазақстандықтардың бірі коронавирус жұқтыруы мүмкін" деген ақпарат түскеннен кейін бір ұшақпен келген 12 адамның бәрі карантинге жатқызылғанын жеткізді.

"Германиядан келген 12 адам ол жақта біздің бір азаматымызбен байланыста болған. Сыртқы істер министрлігінен "Германияда жүрген азаматымыз коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін" деген ақпарат түскеннен кейін осы ұшақпен келген барлық 12 адамды біз карантинге жатқыздық. Осы адамдардың ішінде бір адамнан табылды", - деді Біртанов.

Айта кетейік, 12 адам мінген ұшақ бүгін түнде ұшып келген. 9 наурызда ұшып келген 73 жолаушының арасында да коронавирус жұқтырған адам бар екені анықталды.

Жаңалықтар
0