Қоғам

Қазақстан Ресеймен шекараны ішкі паспортпен кесіп өтуді шектеді

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуПограничная вышка, архивное фото
Пограничная вышка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан ішкі паспортпен Ресей және Қырғызстанмен шекараны кесіп өтуді тоқтатты, мұндай шаралар коронавирустың таралуына байланысты қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз - Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілгенін хабарлады.

"Қазақстан үкіметі Қазақстан-Ресей, Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасынан өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (жеке куәлік, туу туралы куәлік), Ресей Федерациясы азаматтары үшін (РФ азаматының паспорты), Қырғыз Республикасы азаматтары үшін (ID карта) ішкі құжаттардың қолданылуын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Қазақстанда үш адамнан коронавирус табылды

13 наурызда денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус тіркелгенін мәлімдеді. Германиядан Алматыға ұшқан екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірінші науқас ұшақпен 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген.

Германияда қазақстандық дипломаттың әкесі коронавирус жұқтырды – СІМ

Кейінірек Нұр-Сұлтанда да коронавирус тіркелді. Қауіпті инфекция Милан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақпен ұшқан қазақстандық әйелден табылды.

Жаңалықтар
0