Әмиян

Оқушылардың демалысы: баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?

2198
Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалысқа ерте шығатын оқушылармен үйде бірге отыратын ата-анаға ақы төлеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мемлекеттік еңбек инсекторы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, күні кеше министрлік тиісті ұсыныстарды әзірлеп, облыс әкімдіктеріне таратқан. Ал олар жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Негізі қазіргі Еңбек кодексі бойынша ақылы еңбек демалысы кестемен беріледі, я болмаса, екі жақтың келісімі бойынша кез келген уақытта алуға болады. Бұл дегеніміз, заң жағынан ешқандай кедергі жоқ", - деді Нұрғалиев астанада өткен баспасөз мәслихатында.  

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үйде балалармен бірге қалуға мәжбүр болатын ата-ананың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру жөнінде жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 6 адам коронавирусқа шалдықты. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.

2198
Кілт сөздер:
оқушылар, демалыс, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (877)
Тақырып бойынша
Nur Otan-ның 18 наурыздағы отырысы өтпейтін болды
Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бірге ұшып келген блогер жазба жариялады
Нұр-Сұлтандағы коронавирус: ұшақ бортында болған жолаушылар қайда кетті 
Алматыда дүкендердегі сауда көлемі бір күнде екі жарым есеге артты
Семей медицина университетінің басшылығы билікке үндеу жасады
Карантинде отырған адамдарға жалақы төленеді
Қазақстанның туы мен елтаңбасы

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні: президент мерекемен құттықтады

0
(Жаңартылды 14:17 04.06.2020)
Президент елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

"Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді.

0
Депутаттардың пленарлық отырысы

Судьялардың өкілеттігін кеңейтетін заң Тоқаевқа жіберілді

2
Заң күшіне енген соң әділ шешім қабылдау үшін судьяның процессуалды жағынан еркіндігі қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Парламент сенаты қазақстандық судьялардың өкілеттігін кеңейтуді көздейтін заңды екі оқылымда да қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатта Азаматтық процессуалдық кодекске соттар жұмысының заманауи форматын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтің айтуынша, заң жобасының мақсаты сот процесін жеңілдету, соттарды қажетсіз функциялардан арылту екенін атап өтті.

Заң жобасы үш бағыттан тұрады:

  • соттардың жұмысын заманауи форматқа көшіру;
  • азаматтық процессуалдық тиімділікті арттыру;
  • сот ісін жүргізуді цифрландыру.
"Соттарға айтылатын ең басты өкпе – судья істі қараған кезде оған тереңірек үңілмей, басқа мән-жайларды анықтамай, тек ұсынылған дәлелдерге қанағаттанып шешім шығарады деп жатады. Оған себеп – қолданыстағы Азаматтық процессуалдық кодекс", – деді Таймерденов сенат отырысында.

Оның түсіндіруінше, кодекс бойынша судьяға талап-арыз аясынан шығуға тыйым салынған. Тараптар нені талап етсе, тек соны қарап, сол бойынша шешім қабылдауға міндетті. Ал өз бетінше басқа мән-жайларды анықтау, өзге дәлелдерді іздеуге еш құқығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күнде судьялардың қолы байлаулы деп айтуға болады.

Проблеманы шешу үшін судьяның процестегі рөлін түбегейлі өзгерту ұсынылып отыр. Әділ шешім қабылдау үшін судья дауды жан-жақты, бүге-шігесіне дейін түсініп алуы қажет. Яғни, судья процессуалды жағынан еркін болуы тиіс. Қандай уәжді немесе дәлелдерді зерттеймін десе де, өзі анықтауы қажет.

Судья еркіндігін қамтамасыз ету қажет

Таймерденовтің айтуынша, бұл озық дамыған елдердегі соттардың бұрыннан қалыптасқан тәжірибесі.

Сонымен қатар, заң жобасында ауызша сот ісін жүргізуді жазбаша процеске алмастыру қарастырылған.

Оңайлатылған сот өндірісі үшін межені жеке тұлғаларға 200 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке дейін (555 600 және 2 778 000 теңге), ал заңды тұлғалар үшін 700 АЕК-тен 2 000 АЕК-ке дейін (1 944 600 және 5 556 000 теңге) көтеру ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, қолданыстағы Азаматтық процессуалдық заңнамадан жеті сот ұйғарымын алып тастау көзделген.

"Бұл сот процесін басқа күнге қалдыру, соттың хаттамасымен танысу немесе оған наразылық келтіру, азаматтық істің соттылығы, қай сотта қаралу мүмкіндігі бар деген сияқты ұйғарымдар. Осы ұйғарымдар бүгінде тараптарға да, сотқа да ешқандай зиян келтірмейді", – деді Таймерденов.

Оқи отырыңыз: Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

Сондай-ақ, енді судьялар Азаматтық процессуалдық кодекс бойынша шешім шығарар алдында ақылдасу бөлмесіне бармайды.

Заң жобасында сот процестерін цифрландыру мәселесі де қаралған.

Сенат депутаттары заң жобасын екі оқылымда қабылдады.

2
Кілт сөздер:
заң, сот, судьялар
Тақырып бойынша
Қазақстан президентіне қосымша өкілеттік беріледі 
ЕАЭО аумағында тауарларды қадағалап отыру жүйесі енгізіледі
Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді