ақша

Коронавирус қағаз ақша арқылы жұғуы мүмкін ДСҰ

874
(Жаңартылды 13:19 16.03.2020)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ақшаны ұстағаннан кейін қолды бетіңізге тигізбей, жуып тастауға кеңес берді. Вирус банкноттарда 3-4 күн сақталады

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Вирус ақша арқылы да тарайды, ол қағазда да, пластикте де біраз уақытқа дейін сақталады, деп хабарлайды Роспотребнадзор Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сілтеме жасап.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус қағаздың бетінде 3-4 күнге дейін өлмейді, ал пластикте тоғыз күнге дейін сақталады", - делінген ақпаратта.

Картамен төлем жасағанда құпия санды теру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

"Ең қауіпсізі – байланыссыз төлемдер", - деді ДСҰ.

Сонымен қатар азаматтарға ақшаны ұстағаннан кейін қолды бетке тигізбей, жуып тастауға кеңес берілді және ұялы телефонды дезинфекция құралдарымен тазалау ұсынылды.

Коронавирус індеті

Джонс Хопкинс институтының 16 наурыздағы мәліметіне сәйкес, әлемде 169 385 адам коронавирус жұқтырған. 6 513 адам көз жұмды, 77 257 адам аурудан айықты.

13 наурызда Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жеті адам – Алматыда. Арасында 2008 жылы туған бала бар.

1 641 адам станционарлық карантинге алынды, 981 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

Төтенше жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жарияланды.

874
Кілт сөздер:
коронавирус, ақша
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (530)
Тақырып бойынша
Қазақстан үкіметі мен парламенті онлайн режимге көшті
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Қазақстанда доллар 450 теңгеден сатылып жатыр
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
"ҚТЖ" компаниясының қызметкерлері коронавирус жұқтырғаны рас па – ресми жауап
Загрузка...