WhatsApp

"Нұр-Сұлтанда дәрі шашады": министрлік желіде тараған хабарламаға жауап берді 

1862
(Жаңартылды 21:59 17.03.2020)
Денсаулық сақтау министрлігі дезинфекция жайлы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Нұр-Сұлтан әкімдігі де ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды 

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тарап кеткен дезинфекцияға арналған дәрі шашылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында дезинфекцияға қатысты мәлімет тарады. WhatsApp-тағы хабарламада бүгін түнде тікұшақпен арнайы дәрі шашылатыны жайында айтылған.  

"Бүгін сағат 23:00-де және таңғы 5:00-де тікұшақтар дезинфекцияға арналған дәрі шашады. Сол себепті терезе мен балконды жауып тастау керек. Түнгі 23:00-ден кейін далаға шығуға болмайды", - делінген орыс тіліндегі хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Нұр-Сұлтан әкімдігі де ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Коронавирус эпидемиясы

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 27 адам коронавирус жұқтырды. Оның 13-і Алматыда, қалған 14-і Нұр-Сұлтан қаласында.

Айта кетсек, індетке шалдыққандар арасында екі жасар сәби де бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды 

1536 адам стационарлық карантинде, ал 1094 адам үй карантиніне алынған.

Коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде 16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуір  таңғы 07.00-ге дейін күшінде болады.

1862
Кілт сөздер:
хабарлама, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
Қаржы министрі дағдарыс кезінде аурухана салу тәртібін түсіндірді
"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады
"Арандатушылар  – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады
Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтардың кредитті қалай төлейтіні айтылды
Біртанов: Коронавирус – емделетін инфекция
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

2
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

2
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
кісен, архив

Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды видео

40
(Жаңартылды 13:11 28.05.2020)
Күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, қазір тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сот біреуін 2 айға қамауды ұйғарды.

"Олар "Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж" РМК-сы 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шараралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы -  Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол осы қызметке 2019 жылдың басында тағайындалған болатын.

40
Кілт сөздер:
видео