дастархан

Түркістанда төтенше жағдай кезінде үйдің ауласында той өткізгендер анықталды - видео

1801
(Жаңартылды 12:14 18.03.2020)
Түркістан тұрғынына елде жарияланған төтенше жағдай режимiн бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, құжат сотқа жолданған

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Полицейлер төтенше жағдай режимі кезінде той өткізген түркістандық тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізу туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы шыққаны белгілі. Осыған сәйкес қандай да бір іс-шараларды, басқосуларды ұйымдастырып, өткізуге тыйым салынды.

17 наурыз күні әлеуметтік желілерде үй ауласында бір топ ағайынның қатысуымен той өтіп жатқан бейнежазба пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАЗАХСТАНСКИЕ НОВОСТИ KZ🇰🇿 (@kazpress.kz)

Осыдан соң Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізді. Сөйтіп, тойдың 16 наурыз күні түн ішінде Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болғаны анықталды. Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы "Төтенше жағдай режимiн бұзу" бойынша хаттама толтырды.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады

Аталған жайтқа байланысты жинақталған құжаттар Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирустық пандемияға байланысты қатысушылар саны 50 адамнан асатын кез-келген басқосуға тыйым салынды.

1801
Кілт сөздер:
видео, төтенше жағдай, той
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (530)
Тақырып бойынша
Жалпыға бірдей декларация: қазақстандықтар тойдан түскен ақшаның да есебін тапсырады
"Міндетті түрде сәлем салу керек пе?". Айсәуле Бақытбек тойға дайындығы туралы айтты
Үйлену тойынан кейін "күйеу жігіттің" қулық-сұмдығы әшкере болды
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
"Қазақта болған жоқ": Сүндет тойды дүркіретіп өткізу дәстүрі қайдан келді?
Үкімет қазақтың тойларын кейінге қалдыруға кеңес берді
Загрузка...