Біржан Нұрымбетов

Жұмыс беруші ақысыз демалысқа жіберемін десе, не істеу керек министрдің жауабы

5720
Министрдің айтуынша, жұмыс орындары қысқаруы әбден мүмкін, осыған байланысты үкімет жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ақылы және ақысыз демалысқа шығу туралы айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі төтенше жағдай мен карантин кезінде жұмыс беруші ақылы демалысқа шығуды ұсынса, ол қайта жақсы, пайдаланып қалу керек. Бірақ кейбір шағын мекемелер қаражаты болмағандықтан, жұмысшыларға ақысыз демалысқа шығуды ұсынуы мүмкін. Еңбек кодексі бойынша ол екі жақтың келісімімен жасалады, сондықтан оған келісесіз бе, жоқ па, өз құқығыңыз", - деді Нұрымбетов бүгінгі онлайн-брифингте.

Министрдің айтуынша, еңбек нарығына елдің ішкі ахуалы ғана емес, әлемдегі жағдай да әсер етіп отыр. Соның салдарынан жұмыс орындары қысқаруы әбден мүмкін.

"Осыған байланысты үкімет жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеп жатыр. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылады деп сенеміз. Оған қоса, басқа шаралардың нәтижесінде 200 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға тырысамыз", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Коронавирус эпидемиясы

18 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамға жетті. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтан қаласында, он жетісі – Алматы қаласында.

Індеттің басқа қалаларға таралуына жол бермеу мақсатында екі қалада 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин жабылады. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатылады.

Екі қалаға тек сол жерде тіркелген азаматтар ғана кіре алады.

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, режим отыз күнге созылады.

5720
Кілт сөздер:
демалыс
Тақырып бойынша
 "Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді
Мамин президентке өңірлердің коронавирусқа қарсы дайындығы туралы айтты
Бас прокуратура Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мәлімдеме жасады 
Мемлекеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу тәртібіне қашан көшеді?
Карантин депутаттардың жұмысына өзгеріс енгізді – Нығматулин мәлімдеме жасады
EuroMillions лотерея билеті

Заңсыз лотерея өткізетіндер қалай жазаланады сенат заң қабылдады

8
Заңда лотерея операторынан немесе таратушыларынан басқа кез келген лотерея жарнамасына тыйым салу көзделеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Парламент сенаты лотереялар және лотерея қызметі туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы лотереялық қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Құжатта лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотерея ойындарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Жеке тұлғаларға – 100 АЕК, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 300 АЕК, орта бизнес үшін – 500 АЕК, ірі бизнес үшін 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

"Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді", – деді Райымқұлова сенат отырысында.

Сонымен қатар, лотерея операторымен немесе таратушыларымен (агенттерімен) орналастырылған жарнаманы қоспағанда, кез келген лотерея жарнамасына тыйым салынады.

Оператор – біреу, таратушы – үш мыңға жуық

Үкіметтің 2017 жылғы қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ лотерея операторы болып 15 жыл мерзімге белгіленді. Лотерея операторында 748 қызметкер жұмыс істейді.

Министрдің ақпаратынша, республикада 3 мыңға жуық таратушы (агенттер) шағын және орта кәсіпкерлерден тұрады. Олармен келісімшарттар негізінде жұмыс жүргізіледі, яғни лотерея операторы лотереяның дұрыс жүргізілуіне және таратылуына тікелей өзі жауап береді.

Таратушылар (агенттер) лотерея операторынан жалпы таратылған лотерея билеттерінің құнынан 6 процентке жоғары сыйақы алады.

Оқи отырыңыз: Енді Instagram-да лотерея өткізетін әнші-әртістер жауапқа тартылады

"Сәтті Жұлдыз" АҚ 24 жедел (оның ішінде 18-і электрондық) және 8 тиражды лотерея ойынын (оның ішінде 4-і электрондық) жүзеге асырады. 2017-2019 жылдар аралығында лотерея билеттерін сатудан түскен жалпы айналым 18,5 миллиард теңгені құраған.

Сенат заңды екі оқылымда да қабылдап, президентке жіберді.

8
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, заң, лотерея
Тақырып бойынша
Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым – вице-министр
Тікелей эфирде ұсталған Ернар Айдардың ісіне қатысты Мейрамбек Бесбаев пікір білдірді
Ернар Айдар заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінді
"Котёл" ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты
Василий Левитпен бірге түскі ас: лотерея жеңімпазы анықталды
Қазақстанның туы мен елтаңбасы

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні: президент мерекемен құттықтады

9
(Жаңартылды 14:33 04.06.2020)
Президент елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

"Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.

Мемлекеттік рәміздерді кімдер жасады

Рәміздер жобаларын жасау конкурсына 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту эскиздері бейнеленген шығармашылық конкурсына 1200 өтінім түскен. Сондай-ақ бұл байқауда болашақ елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі әрі әнұранның 750 нұсқасы ұсынылды.

1992 жылы өткен шығармашылық конкурста суретші Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту жеңіп шықты. Ал тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып саналады.

Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

9
Кілт сөздер:
президент, мемлекеттік рәміздер, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты
Елордалықтар әнұранның сөзі мен елтаңба, тудың авторын біле ме - видео
Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео
Әнұран үзіліп қалды: Қазақстан спортшылары сасқан жоқ – видео    
4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні