Қоғам

Коронавируспен күресуге көмектеседі: дәрігерлер қалай тамақтану керек екенін айтты

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуПожилые люди покупают продукты на рынке, архивное фото
Пожилые люди покупают продукты на рынке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дұрыс тамақтанумен қатар сарапшылар ұйқы, жаттығулар мен жағымсыз әдеттен арылу вируспен күресуге көмектесетінін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Испанияның тамақтану академиясының мамандары мен диетологтар ағзаның коронавируспен күресуіне қандай азық-түлік пен көкөніс көмектесетінін айтты, деп жазады "Российская газета".

Мамандар жеген тағам коронавирусты жұқтырмаудың кепілі емес екенін атап өтті. Алайда ағзаның вируспен күресіп, инфекцияға тойтарыс беруі ас мәзіріне де байланысты. 

"Тамақтану режимін сақтаудың арқасында ағзаның қорғаныс функциясы күшейеді. Ол инфекция тудыратын патогендік микроағзаларға тойтарыс бере алады", — деді диетолог Альма Палау.

Испанияның тамақтану академиясы президентінің айтуынша, диета мәзіріне жеміс-жидек, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері енуі керек. 

Әсіресе, балық, жаңғақ пен зәйтүн майындағы омега-3 маңызды. Олар қабынуға қарсы тұруға көмектеседі. Иммунитетті күшейтеді.

Сондай-ақ, дұрыс ұйықтап, жаттығулар жасап, зиянды әдеттерден арылуға кеңес беріліп отыр. 

Тағы оқыңыз: Алматыға келген тағы бір адамда коронавирус табылды - министрлік

Жаңалықтар
0