Қоғам

"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады

© Photo : пресс-служба сената парламента Республики КазахстанДарига Назарбаева
Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дариға Назарбаева бастаған сенат депутаттары коронавируспен күрес қорына бір күндік жалақысын аударатын болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева әріптестерінің назарын елдегі төтенше жағдайдың салдарынан жұмыссыз қалатын азаматтардың мәселесіне аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекеттің міндеті - азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, экономика мен тұтыну нарығының қызметін қамтамасыз ету. Баяулауға болмайды. Азаматтардың табысы мен жұмыспен қамтылуын да үнемі назарда ұстауымыз қажет. Төтенше жағдай мен карантин, өкінішке қарай, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеп соғып жатыр. Көптеген адам уақытша жұмыссыз қалуы мүмкін, тіпті күн көруге ақшасы болмайды", - деді Назарбаева сенат отырысында.

Ол Алматыда тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін Алматы облысы тұрғындарының мәселесін көтерді.

"Бұл шамамен 500 мың адам, бұған олардың отбасыларын қосыңыз. Мемлекеттік органдар, депутаттар бұл жағдайға жіті назар аударуы тиіс деп санаймын. Батыл шешімдер қажет. Эпидемиямен күресу үшін ерік-жігер, табандылық керек. Бірақ сақтықты да ұмытпаған жөн",- деді спикер.

Назарбаева сенаторларға төтенше жағдай кезінде іссапарға шығуға, көпшілік шаралар өткізуге тыйым салынғанын айтты. Бірақ заң шығару жұмысы жалғаса береді.

"Біз палата мен комитеттер отырысына шақырылатын қонақтардың санын мүмкіндігінше шектеуіміз керек. Қағаз жұмысының басым бөлігін қашықтықтан істеуге болады. Бұл үшін бізде барлық техникалық мүмкіндік бар", - деді ол.

Сенат аппаратының 70-тен аса қызметкері үйден жұмыс істеуде, ал қалғандары қысқартылған жұмыс күніне ауысты.

"Бізге ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет. Әлем жұртшылығына темір ханым деп танылған Маргарет Тетчер: "Біздің қорқыныштың тоқсан пайызы - ешқашан болмайтын нәрсе туралы" деген. Қазіргі таңда баршамыз бәрі жақсы болатыны туралы ойлап, жақсылықтан үміттенуіміз керек. Біз – талай сында шыныққан мықты халықпыз. Біз бәрін жеңеміз", - деді Назарбаева.

Тағы оқыңыз: Назарбаева мен Әлиевтің үйіне қатысты дау: министр жауап беруге қиналды

Ол депутаттар мен сенат аппаратына коронавируспен күрес қорына бір күндік жалақыны аударуды ұсынды. Қарсылық танытқандар болған жоқ.

Сөз соңында Назарбаева әріптестерін ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады.

Жаңалықтар
0