Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласындағы үлкен қонақ үй карантиндік нысанға айналады

© Photo : сайт отеля Ramada plaza AstanaОтель Ramada plaza в Астане
Отель Ramada plaza в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімінің орынбасары егер коменданттық сағат енгізілсе, астанада қосымша карантиндік нысандар жабдықталатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Елорданың "Рамада плаза" қонақ үйін қайта жабдықтап, коронавирус бойынша карантиндік нысан ретінде пайдаланады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қонақ үйді қайта жабдықтау жұмыстары басталды. Коронавирус жұқтырғандардың саны артса, олардың барлығын сол жерге карантинге жатқызатын болды.

"Біз қосымша кереуеттер қоямыз. Бүгін әкімдік "Рамада плаза" қонақ үйінде пациенттерге қосымша орындар жасақтау жұмысын бастап кетті. Қазіргі кезде осы нысанды дайындау мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол жерде карантиндік режим болады", - деді Мәкен бүгінгі онлайн-брифингте.

Әкім орынбасары "С" (коменданттық сағат) енгізілсе, астанада қосымша карантиндік нысандар жабдықталатынын айтты.

"С" жоспары кезінде төтенше жағдай коменданттық сағат режиміне ауыстырылады. Ондай режим вирус кеңінен таралған жағдайда ғана енгізіледі. Әзірше, коменданттық сағатты енгізу жоспары жоқ. Құдай сақтасын, дегенмен оған дайын болуымыз қажет", - деп атап көрсетті Мәкен.

Оқи отырыңыз: Аналармен жанжалдасқан әкім орынбасары енді не істейтінін айтты

Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 37 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 19, астанада -18.

Жаңалықтар
0