Қоғам

Қазақстан елшілігі Внуково әуежайында бөгеліп отырған жолаушыларға көмек көрсетуде

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуШереметьево перевело все рейсы из Китая в терминал F
Шереметьево перевело все рейсы из Китая в терминал F - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір күн бұрын Қазақстан аазматтарына Ресейдегі елшіліктің консулы барып, мәлімет жинаған. Олар су және тамақпен қамтамасыз етілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Внуково әуежайында бөгеліп қалған қазақстандықтарға көмек көрсетіп жатыр. 

"Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәскеулік Внуково әуежайында орналасқан Қазақстан азаматтарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды", - деп хабарлады елшілік.

14 жолаушы (Доминикан Республикасынан 11 адам және Германия, Шри-Ланка мен Гоа (Үндістан) елдерінен 1 адамнан) рейстердің тоқтатылуы салдарынан астананың әуежайында тұрып қалды.

Бір күн бұрын оларға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің консулы Бауыржан Ақатаев барып, мәлімет жинаған. Олар су және тамақпен қамтамасыз етілді.

Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео

Қазіргі уақытта елшілік ресейлік тараппен қазақстандықтарды басқа мәскеулік әуежайға жеткізіп, кейіннен оларды отанына оралту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде. "SKAT" әуекомпаниясы жолаушыларға жоғалған билеттердің құнын сатып алған кездегі тарифтердің талаптарына сәйкес қайтарады.

Елшілік қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауға шақырды.  

Естеріңізге сала кетейік, Ресей аумағында орналасқан Қазақстан елшілігі мен консулдықтарында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "қауырт желі" телефондары жұмыс істейді:

  • Мәскеуде + 7-925-897-71-14;
  • Санкт-Петербургте + 7-921-188-90-60;
  • Қазанда + 7-905-020-30-42;
  • Астраханда 8-927-562-0042, 8-927-562-0045;
  • Омбыда +79681007303, +79681007306.
Жаңалықтар
0