Қоғам

Шетелде жүрген бес мың қазақстандық шұғыл елге қайтарылады 

© AFP 2024 / NHAC NGUYENРабочий в защитном костюме дезинфицирует самолет
Рабочий в защитном костюме дезинфицирует самолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23 наурызға дейін төрт мыңнан аса қазақстандық туристі елге жеткізу үшін барлығы 18 рейс жоспарланған  

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан шет елдерде жүрген 5 мыңнан аса туристі елге қайтаруды көздеп отыр. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлығы шетелде жүрген 5 мыңнан аса қазақстандық туристі елге қайтару қажет. Әлем бойынша рейстер саны жаппай қысқарып жатқаны мәлім. Сондықтан оларды чартерлік рейстермен жеткізу шаралары қолға алынып жатыр. Мұның бәрі мемлекет есебінен емес", деді вице премьер үкіметте өткен брифингте. 

Айтуынша, 23 наурызға дейін төрт мыңнан аса қазақстандық туристі елге әкелу үшін 18 рейс жоспарланған. 

Қазақстандағы төтенше жағдай

16 наурызда Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол отыз тәулікке созылады.
19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылды. 

22 наурызға дейін азаматтарға бұл екі қалаға келуге немесе кетуге рұқсат етіледі. Одан кейін барлық бекет жабылады. 
Өндірістік тауарлар сататын нысандар, ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. 

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғыдай жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің жетпіс проценті үйден жұмыс істеуге көшті.

Жаңалықтар
0