Мемлекет басшысы пандемияға қарсы еліміздегі күрес жұмыстарын үйлестіретін шұғыл әрекет ету орталығының жұмысымен танысты

"Бұл әзіл емес": Тоқаев үкіметке тапсырма берді

6966
Президенттің айтуынша, қағаз жүзінде медициналық маскалар жеткілікті, бірақ халық дәріханалардан бетперде таппай шағымданып жатыр

АЛМАТЫ, 21 наурыз –Sputnik. Президент үкіметке халықты медициналық бетпердемен жедел қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Бізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтінін атап айтқым келеді. Бірақ қағаз жүзінде бәрі жеткілікті. Бір жағынан халық дәріханаларда бетперделердің әлі де жоқ екенін айтып шағымданып жатыр. Неге? Бұл алып-сатарлық жасау деп ойлаймын", - деді Тоқаев пандемияға қарсы еліміздегі күрес жұмыстарын үйлестіретін шұғыл әрекет ету орталығының жұмысымен танысу барысында.

Мемлекет басшысы халықты бетпердемен жедел қамтамасыз етуді талап етті.

Сонымен қатар еліміздің барлық азаматын үнемі антисептикті пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.

"Біз барлық қаладағы негізгі көшелерде азаматтарымызға тегін бетперде тарата алатындай болуымыз керек. Бұл үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндет", - деді президент.

Қазақстан президенті елімізде карантин режимін сақтаудың маңыздылығына тоқталып, барлық азаматты, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілерді белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істеуге шақырды.

"Бақылау-өткізу бекеттерін қойғанымыз әзіл немесе қойылым емес. Карантин режимін қатаң сақтамай, біз бұл бағытта ешқандай табысқа қол жеткізе алмаймыз. Карантин жағдайын қатаң сақтауға тиіспіз", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төрт айлық нәрестеден коронавирус табылды

Тоқаев коронавирусқа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шараларға оң баға берді.

"Үкімет аз жұмыс істеген жоқ. Мамандардың бағалауынша, біз Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай шұғыл әрекет етіп жатырмыз. Дегенмен бізге нәтиже керек. Халық әлі толық ақпарат ала алмай отыр", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент отандық медицинаны, соның ішінде, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті және медицина ғылымын дамытуға баса мән беру керек екенін айтты.

"Қазір бүкіл әлемнің және бүкіл әлемдік экономиканың тағдыры ғалымдардың қолында. Бұл артық айтқандық емес. Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді. Біз осы жағдайдан сабақ алуға тиіспіз", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, президент барлық медицина қызметкеріне коронавирус пандемиясына қарсы күреске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

6966
Кілт сөздер:
бетперде, үкімет, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (523)
Тақырып бойынша
Мамин Мишустинге азаматтарды елге қайтару үшін ерекше режим құруды ұсынды
Қажылықтан оралған ер адаммен байланыста болған 11 адам карантинге алынды
Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды – Тоқаев  
Қазақстандық олигархтар Назарбаевтың үндеуінен кейін 18 млрд теңге жинап берді
Загрузка...