Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев карантин кезінде алматылықтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтты

6841
(Жаңартылды 10:11 22.03.2020)
Коммуналдық төлемдерді кешіктіргені үшін өсімақы пен айыппұл есептелмейді, қарызы бар тұтынушылар жарық пен судан ажыратылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Алматы тұрғындары наурыз бен сәуір айларында коммуналдық қызметтер үшін ақша төлемейді. Әкімдік монополистермен келісіп, екі айдың төлемін кейінге қалдырып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы әкімі коронавирустың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату үшін қалада қатаң шектеу шаралары қолға алынғанын атап өтті.

"Сауда орталықтарының, киім-кешек базарларының, мектептер мен балабақшалардың, кафелердің, түрлі салондардың және басқа да қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Біраз жұрт ақысыз еңбек демалысына кетуге, енді бірі қысқартуға ілікті. Бұл жағдай аз қамтылған және жұмыссыз жүрген жандарға ауыр тиді", - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың он ошағы: Алматы әкімдігі мекенжайды жариялады

Айтуынша, әкімдік қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен, лифт пен қоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызмет бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы келісімге келген.

"Наурыз және сәуір айларына келген түбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады. Бұл ретте кешіктіргені үшін өсімақы мен айыппұл есептелмейді", -деді қала басшысы.

Сондай-ақ, карантин кезінде берешегі бар тұтынушылар электр, су, жылу, газ және телефон байланысынан ажыратылмайды.

6841
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (523)
Тақырып бойынша
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
"Бұл әзіл емес": Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Қазақстанда коронавирус  жұқтырғандар саны 56 адамға жетті
Загрузка...