Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирус: 61 бала стационарда жатыр

© AFP 2024 / TED ALJIBEҚытайда коронавирус
Қытайда коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында 1 234 адам жатыр, оның ішінде алпыс бірі – балалар

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Елордада 61 бала карантинде жатыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 28 қаңтардан бері провизорлық, инфекциялық және карантиндік стационарларға 1 942 адам жатқызылған. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың саны 109 адам болған.

"Дәл қазір стационарда 1 234 адам қалып отыр. Соның ішінде 61 бала бар. Осы уақытқа дейін қалада 31 адамнан коронавирус табылды. Олардың ішінде 30 адам - Қазақстан азаматы, біреуі - өзге елдің азаматы", - деді Қисықова онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, науқастардың басым бөлігі - әйелдер (21 адам), қалғаны - ер адамдар. Олардың ішінде екі бала бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, коронавирус жұқтырған шетелдік бүгін түнде Лондоннан келген. 1976 жылғы дипломат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: "Бұл әзіл емес": Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Бұған дейін Қисықова 22 наурызда тіркелген екі пациенттің біреуі ауыр жағдайда жатқанын хабарлаған еді. Пациенттің тыныс алуы қиындап кеткен, консилиум белгіленді.

 

Жаңалықтар
0