Астанадағы карантин

Алматыда тағы екі адамда коронавирус анықталды

1054
(Жаңартылды 10:08 24.03.2020)
Барлығы Қазақстанда 66 адам коронавирус жұқтырды. Бүгін бұған дейін министрлік астанада тағы екі жағдай тіркелгенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы екі адамда коронавирус анықталды.

Барлығы елде 66 жағдай тіркелді. Елордада 34, Алматыда - 28, Қарағандыда - 2, Алматы облысында -1 және Ақтөбе облысында - 1 адам, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың басым бөлігі астанада.

Қазақстандағы коронавирус

Елімізде коронавирусқа қатысты 13 наурыз күні төтенше жағдай режимі енгізілді. Оған сәйкес, театрлар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтаған болатын.

Кеше, 23 наурыз күні өңірлерде аумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын әдеттегі режим бойынша жалғастырады. Аулалардағы дүкендер де жұмысын тоқтатпайды. 

Азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық шаралар күшейтіледі. 

Өзгеріс карантин жарияланған астана мен Алматы қалаларынан басқа аумақта қолданылады. Алайда әкім мен бас санитар дәрігердің шешімімен қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.

1054
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (557)
Тақырып бойынша
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Абаев төтенше жағдайдың мерзіміне қатысты ойын айтты
"Айыптаудың реті жоқ": министр жұртты мазалаған сауалға жауап берді
Төтенше жағдай: өңірлерде сауда орталығы мен базарлар жұмыс істейтін болады
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Загрузка...