Қоғам

Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрлігі коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде әскерге шақыруды тоқтатып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты әскери қызметке шақыру тоқтатылды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қорғаныс министрлігінің жаңалығын ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдайдың енгзілуіне байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сол сияқты әскери қызметке шақыру да уақытша тоқтатылады", - деді Абаев бүгінгі брифингте.

Төтенше жағдай режимі

16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. 

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті. Оның 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырды

Жаңалықтар
0