Түркістандағы автовокзал

Қазақстанның оңтүстігінде төрт автовокзал жабылды

559
Тұрақты ауданаралық рейстердің саны 50 процентке азайды, тоғыз автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында бірнеше автовокзал жабылды. Тұрақты ауданаралық рейстер саны 50%-ке азайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Уақытша жабылғандар:

  • Леңгір қаласындағы "Тау жұлдызы" автовокзалы;
  • Жібек жолы елді мекеніндегі "Дархан";
  • Түркістан қаласындағы "Түркістан орталығы" және "Яссы".

9 автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды:

  • Кентаудағы "Транзит сервис";
  • Арыс қаласындағы "Арыс";
  • Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі "Сайран Жібек жолы";
  • Сарыағаш қаласындағы "Сарыағаш";
  • Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі "Нәлібек", "Сау Бол";
  • Жетісай қаласындағы "Жаз";
  • Түркістан қаласындағы "Мерей" және "Алтын орда".

Тағы оқыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.

26 наурызда коронавирустан айыққан екі науқас ауруханадан шығарылмақ.

559
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, вокзал, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (553)
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Коронавирус қаупі: әлемде не болып жатыр?
Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты
Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердің жүру уақыты өзгереді
Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы кімге және қалай төленеді
Загрузка...