Дәурен Абаев

Министр карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді

9395
Дәурен Абаев кейбір адамдар төтенше жағдай ережелерін сақтамай, карантин аумағына заңсыз кіріп кетуге тырысып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қарағандыда карантинде жатқан бұрынғы әйелін көру үшін ауруханаға терезе арқылы кірмек болған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақылға сыймайтын жайттар да кездеседі. Мәселен, Қарағандыда бұрынғы әйелі жатқан ауруханаға терезе арқылы кірмек болған азамат он тәулікке қамалды. Бұрынғы әйелі Германиядан ұшып келген, карантинге алынған. Неге олай істеді деген сұрақ туындайды", - деді Абаев онлайн брифингте.

Айтуынша, кейбір адамдар төтенше жағдай ережелерін сақтамайды. Карантин аумағына заңсыз кіріп кетуге тырысады.

"Өткен тәуліктер ішінде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476- бабы бойынша 137 адам жауапқа тартылды. 89-ы қамауға алынды. Олардың барлығы кінәсін мойындап отыр", - деп атап өтті министр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайға қарамастан кейбір ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатпаған.

9395
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (508)
Тақырып бойынша
Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды
Терезеден секіріп кетті: қазақстандық карантиннен қашты
Алматыда 500-ге жуық адам карантинге жатқызылды
Президент коронавирусқа байланысты оқшаулаудың күшейтілетінін мәлімдеді
Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қандай жаза қолданылады
Қазақстанның оңтүстігінде төрт автовокзал жабылды
Загрузка...