Алматы қаласындағы блок-пост, архивтегі сурет

Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды

1028
(Жаңартылды 19:45 26.03.2020)
Алматыда коронавирус анықталған алты адамның бесеуі инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынас жасаған

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырған алты адамның біреуі Нью-Йорктен келген, қалған бес науқас инфекция анықталған адамдармен қарым-қатынаста болған. Бұл туралы брифингте Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

"1995 жылы туған бір науқас 21 наурызда Нью-Йорк – Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Ал қалған бес пациент бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Барлық науқастың жай-күйі қанағаттанарлық", – деді Әбілдаев.

Қаладағы клиникалық жұқпалы ауруханада жатқан 40 науқастың екеуі бала. 38 науқас қалыпты жағдайда. Бір баланың денсаулығы орташа деп бағаланып отыр.

"Ал 1956 жылы туған науқастың жағдайы ауыр. Ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды", – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, науқасқа өкпенің созылмалы обструктивті сырқаты диагнозы қойылған.

Қала бойынша провизорлық карантинде 931 азамат болса, оның ішінде 57 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.

Сонымен қатар бүгін коронавирус жұқтырған бір әйел емделіп шықты.

"Ол Қазақстанда коронавирус инфекциясын алғаш жұқтырғандардың бірі. Пациент ауруды Еуропа елдерінің бірінде жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі талдау теріс нәтиже көрсетті", – деді Әбілдаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 61 адам, одан кейін Алматы қаласында – 40 адам. 

Қарағанды қаласында – 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам тіркелді.

1028
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (538)
Тақырып бойынша
Коронавирус қаупі: әлемде не болып жатыр?
Қостанайда коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды
Коронавирус жұқтырған азаматпен Шымкентке бірге келгендер табылды  
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт адам ауыр хәлде жатыр
Загрузка...