Дене қызуын өлшеп жатыр, архивтегі фото

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны артты

498
(Жаңартылды 08:05 27.03.2020)
Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, өңірде науқастардың саны үш адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 120-шы науқас тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz ресми порталы.

Қауіпті инфекцияны Алматы қаласында 7 адам, Жамбыл облысында 1 адам жұқтырды. Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 120 адамға жетті.   

"Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 47, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды. 

498
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, Алматы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанға 22 наурыздан бері келгендердің үшеуі коронавирус жұқтырған
Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Нұр-Сұлтанда карантинде жатқандардың арасында 80 бала бар
Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт адам ауыр хәлде жатыр
Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

8
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

8
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
кісен, архив

Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды видео

356
(Жаңартылды 13:11 28.05.2020)
Күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, қазір тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сот біреуін 2 айға қамауды ұйғарды.

"Олар "Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж" РМК-сы 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шараралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы -  Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол осы қызметке 2019 жылдың басында тағайындалған болатын.

356
Кілт сөздер:
видео
Қылмыстық іс

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео

3
(Жаңартылды 13:31 28.05.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Соңғы шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған Түркістан облысында әкімі ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

3
Кілт сөздер:
видео, пара, әкім
Тақырып бойынша
Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты