Алматы автовокзалындағы жағдай

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адамның кім екені белгілі болды

1999
(Жаңартылды 11:06 27.03.2020)
24 наурызда Қырғызстаннан келген Қордай ауданының тұрғыны осы уақытқа дейін карантиндік стационарда жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында індетке шалдыққан үшінші науқас Қордай ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз жуырда Қырғызстаннан келген.

Жамбыл облысында үшінші науқас 27 наурызда тіркелді. Осы уақытқа дейін ол дәрігерлердің бақылауында болған.

Қыз шекарадан өткеннен кейін бірден карантиндік стационарға жатқызылған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.

Оның вирус жұқтырғаны зертханалық зерттеу жүргізілгеннен кейін мәлім болды.

Қазір пациент инфекциялық стационарға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы тұрақты. Дене қызуы көтерілмеген. Аурудың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясын емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны артты

Сонымен қатар, пациентпен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды. Олардың анализі әзірге дайын емес.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас 25 наурызда тіркелді. Ол Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны. Жүргізуші болып істейді. 23 наурызда Қырғызстаннан келген.

Ал 26 наурыз кешке Жамбыл облысында тағы бір адамның індетке шалдыққаны анықталды.

1999
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
Алматыда коронавирустың жаңа ошақтары анықталды
Дүкенде инфекция жұқтырып алмау үшін қалай қолма-қол есеп айырысу керек – видео
Қарағандыда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Нұр-Сұлтанға 22 наурыздан бері келгендердің үшеуі коронавирус жұқтырған
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда автобус паркі карантинге жабылды
Коронавирусы бар шыны түтік

"Құдай басқа бермесін": вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі

5
(Жаңартылды 14:04 28.05.2020)
"Өлтірілген" вакцина, ең алдымен, тышқандар мен қояндарға салынған, ғалымның айтуынша, әзірге нәтиже жаман емес

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik, Нұргүл Абай. Қазақстан екі жарым ай бойы бұрын-соңды кездеспеген, көзге көрінбес вируспен күрес жүргізіп жатыр. Қысылтаяң шақта ғалымдар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Өйткені коронавирустан сақтанудың бірден бір жолы – вакцина алу. Жуырда отандық ғалымдар қуанышты жаңалықты бөлісті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық препаратты COVID-19-ға қарсы вакциналық кандидаттардың тізіміне енгізген. Sputnik Қазақстан тілшісі "өлтірілген" вакцинаны әзірлеген, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Леспек Құтымбетовпен әңгімелесті.

Тышқандардан адамдарға дейінгі жол

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы препарат даярлауға 23 наурызда кірісті. Дертке шалдыққан адамдардың қанынан, мұрнынан сынама алып, одан вирус қоздырушысын бөліп шығарған. Осылайша, небәрі екі айдың ішінде инактивтелген немесе "өлтірілген" вакцина дайындады.

Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатқан мамандар
© Photo : Леспек Құтымбетовтің жеке архивінен
Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатқан мамандар

"Вакцина жасау үшін кемінде жарты жыл уақыт керек. Бірақ, біз бар күшімізді салып, екі айда "өлтірілген" немесе инактивтелген вакцина әзірледік. Неге "өлтірілген" вакцина деп аталады? Алдымен, маймылдың ағзасынан алынған клетканы зертханалық ыдыста өсіреміз. Кейін сол клеткаға вирусты тастап, оны көбейтіп аламыз. Көбейген вирусты химиялық немесе физикалық жолмен өлтіреміз. Біз химиялық жолды таңдадық. Өлген вирусқа иммунитетті күшейтетін химиялық заттар қосып, вакцина дайындап шығарамыз. Әрине, ауызбен айтуға оңай, бірақ мұны әзірлеу оңай тірлік емес. Аянбай тер төгіп, зерттеу жүргізуді қажет етеді", - деп әңгімесін бастады зерттеуші.

Вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу үшін препарат бірнеше сатылы сынақтан өтуі тиіс. Қазір зертханалық тәжірибелер тышқандар мен қояндарға жүргізіліп жатыр.

"Клиникаға дейінгі сынаққа адамның қатысы жоқ. Бұл жерде зертханалық жануарлар қатысады. Тышқаннан бастап, қоян, атжалман, теңіз шошқасы, мысықтар мен иттер. Қазір біз вакцинаны тышқандар мен қояндарға салдық. Әзірге нәтиже жаман емес", - дейді ғалым.

Клиникаға дейінгі сынаққа маймылдар да қатысады. Құтымбетовтің айтуынша, маймылдарға тәжірибе Ресейде жасалады. Көрші елмен арада келісім бар, ақша бөлініп, барлығы ұйымдастырылса, отандық вакцина маймылдарға егіледі. Бұл бір-екі ай уақытты алатын жұмыс, дейді ол.

Тағы оқыңыз: COVID-19: Біртанов науқастардың күрт көбею себебін түсіндірді

Осыдан кейін клиникалық сынақ басталады. Оған адамдар қатысады. Денсаулық сақтау министрлігімен келісіліп, хабарландыру жасалады. Екпе егілген еріктілердің денсаулығын дәрігерлер бақылап отырады. Клиникаға дейінгі сынақтың өзі төрт кезеңнен тұрады. Бірінші сатысында тәжірибеге қырық адам қатысса, екінші кезеңде – сексен, осылай қатысушылар саны арта береді.

Құтымбетовтің айтуынша, көбіне ғалымдар вакцинаны өзіне сынайды. Ал негізі, вакцинаның сапасын тексеру үшін оны жастарға, үлкендерге, созылмалы ауруы бар адамдарға салған жөн.

"Әдетте мұндай вакциналарды сынақтан өткізу бір-екі жылға дейін созылады. Қазір біз тәжірибеміздің арқасында қысқа жолдармен жүріп, уақыт үнемдеудеміз. Бізді асықтыруға болмайды. Егер асығыстық танытсақ, вакцинаның сапасы нашар болады. Сондықтан вакцина әзірлегенде, барлық қыр-сырын, бүге-шүгесіне дейін зерттеу қажет", - дейді зерттеуші.

Айтуынша, кейбір елдер тышқандармен сынақты аяқтағаннан кейін, бірден адамдарға салуға дайын отыр.

"Вирустың неден тарағанын ешкім анықтай алмайды"

"Нақты неден тарағанын дөп басып айту өте қиын, ешкім анықтай алмайды. Генетикасын зерттеген кезде, бір шетінде жыланның, бір бөлігінде жарқанаттың гені барын көрсетті дейді кей ғалымдар. Екеуі қосылып, мутант пайда болған. Бәлкім, бұл болжам дұрыс та шығар, кім біледі. Жануарлардан адамға тараған болуы мүмкін немесе адамның ағзасында бұрыннан келе жатып, биологиялық қасиеті өзгерді де, патогендік зарарлығы жоғарылап кетті. Табиғатта бәрі бола береді, біз оны көзбен көрмейміз", - дейді қазақстандық ғалым.

Құтымбетовтің айтуынша, коронавирустың бұл түрі бұған дейін тараған SARS вирусына қатты ұқсайды. Генетикасында айырмашылық бар, бірақ биологиялық қасиеттері өте ұқсас.

Індет тоқтау үшін халықтың 70%-і ауырып шығу керек

Профессордың пікірінше, вирусқа шалдығудың шыңы әлі алда. Өйткені карантин шаралары жеңілдеген соң, ауру қайтадан көбейіп жатыр.

"Қазір елімізде вирус жұқтырғандар саны небәрі 0,1 процентті құрайды, яғни 10 мың адамның тек біреуі ауырып жатыр деген сөз. Эпидемиологиялық ахуалға қарасақ, вирустың таралу потенциалы 10 мың есе көп. Сондықтан "пик" әлі алда. Ешқандай вакцина салдырмай-ақ, індетті тоқтату үшін халықтың 60-70 пайызы, яғни 12 миллион адам ауырып шығуы керек. Сол кезде ғана індет таралмайды. Бұл жұқпалы аурудың заңдылықтары", - дейді ол.

Айтуынша, карантиннен толығымен шығу үшін, алдымен, адамдарға вакцина салу керек. Ал карантинді әр жеңілдеткен сайын, ауру өрши береді. Себебі организмде вирусқа төтеп беретін қорғаныш жоқ.

Құтымбетов коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін егілуі керек деп санайды. Өйткені бұл аса қауіпті аурулардың қатарына жатады. Дегенмен, баға мәселесін әр үкімет өздері шешеді.

Тағы оқыңыз: Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты

Ғалымнан бір вакцинаны дайындауға қанша теңге жұмсалатынын да сұрадық.

"Бір вакцинаны дайындау құны әртүрлі. Мәселен, мың доза дайындап, сынақтан өткізу керек делік. Ол үшін маймылдарға тәжірибе жасаймыз. Маймылдарға сынақ жасаудың өзіне, вакцинаның шығарылған сериясын есептегенде, 25 миллион теңге қажет. 25 миллионды 1000 дозаға бөлсеңіз, әр дозасы 25 мың теңге болады. Бұл тек сынаққа жұмсалатын қаржы", - деп түсіндірді Құтымбетов.

Зерттеушілер неден қорқады

Аса қауіпті аурулармен жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институты кеңес үкіметі кезінде бой көтерген. Жұқпалы аурулар ел ішіне тарап кетпес үшін айдалаға әкеп салынды. Қазір Алматыдан 185 шақырым жердегі әскери қалашықта.

Қазір институтта тікелей вирустың өзімен жұмыс істеп жатқан төрт-бес зертхана бар. Әр зертханада 10-15 шақты адам еңбек етеді. Коронавирус қызметкерлерге жұқпауы үшін барлық жағдай жасалған. Соның бірі үшінші деңгейдегі биологиялық қауіпсіздік зертханасы.

Құтымбетовтің айтуынша, бұл жаңа зертхана, осыдан бес жыл бұрын АҚШ-тың бастамасымен салынған. Осы зертханада вирустың қоздырғышымен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының профессоры Леспек Құтымбетов
© Photo : Леспек Құтымбетовтің жеке архивінен
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының профессоры Леспек Құтымбетов

"Ең бастысы, қауіпсіздікті сақтау. Әйтпесе, ертеңгі күні ауру сыртқа шығып, бүкіл елге таралып кетуі мүмкін. Сондықтан зертханаға кірген кезде, толығымен шешініп, киім ауыстырамыз. Жаңа киімнің үстінен арнайы қорғаныш костюмін киеміз. Оның үстінен тағы бір костюм киіледі. Көзге көзілдірік тағамыз. Ең осал жер – тыныс алу органдары, ауыз қуысы маскамен жабылады. 200 теңгенің бетпердесі емес, арнайы вирус өткізбейтін маскалар. Онымен демалудың өзі оңай емес", - дейді қазақстандық ғалым.

Жұмыс уақыт таңғы сегізден басталса да, эксперимент күндіз-түні жалғаса береді.

Осы ретте ол қаржы жағынан қиындық көріп жатқанын айтты. Қорғаныш костюмдері үш-төрт есе қымбаттап кеткен.

"Зертханалық киімдердің бәрі қып-қызыл ақша. Карантин басталғалы сауда-саттық тоқтады. Біздің көп дүниеміз таусылып жатыр. Ертең бізге ақша берілмесе, керегімізді сатып алмасақ, жұмыс толығымен тоқтайды. Содан қорқып отырмыз. Былтыр қорғаныш киімі бір адамға 1500-2000 теңге тұрса, биыл 6500-7000 теңгеге шарықтап кетті. Бағдарлама бойынша осыншама ақша деп жоспарласақ, ол қазір екі-үш есе көбейді. Ол ақшаны қайдан аламыз? Сол жағы қиын болып тұр", - деп қапаланды ғалым.

Қазір құзырлы органдар зертхана жанынан вакцина шығаратын зауыт салу мәселесін қарастырып жатқан көрінеді.

"Ғалымдардың жағдайы мәз емес"

Отандық ғалымдарға мемлекет тарапынан ешқандай көмек жасалып жатқан жоқ, деп ағынан жарылды Құтымбетов. Институт мемлекет жариялаған конкурстарға қатысып, өз күнін өзі көріп жүр. Байқауға ұсынған жобаң топ жарса, үкіметтен ақша аласың. Жобаға бөлінетін қаржыға қызметкерлердің жалақысы, зерттеу материалдары, сынаққа қатысатын жануарлар – барлық шығын соған кіреді.

"Әзірге мемлекеттен көмек жоқ, өз күшімізбен жеңіп шықсақ, алаңсыз жұмыс істейміз. Егер ұтпасақ, жұмыссыз, айлықсыз қаламыз. Ғалымдардың жағдайы қазір мәз емес десе де болады", - дейді зерттеуші.

Тағы оқыңыз: Денсаулық министрі желіде қызу талқыланған мәселеге қатысты түсініктеме берді

Айтуынша, дамыған елдерде ғылымға бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 4-5%-іне дейін барады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш бір процентке де жетпейді.

Құтымбетов аса қауіпті аурулармен жұмыс істейтін институттар конкурстарға қатыспауы керек деп санайды.

"Мемлекет арнайы бағдарлама әзірлеп, жыл сайын ақша бөліп отыруы тиіс. Сол кезде біз де байқаулармен әуре болмай, тірлігіміз өнімді болады. Ертең күнімізді қалай көреміз деп алаңдамай, мемлекеттің тапсырмасымен жұмыс істей беретін едік", - дейді ғалым.

Коронавирусқа сенбейтіндерге айтары

"Жұрттың көбі "коронавирус өтірік әңгіме, әдейі шығарылған" деп сенбейді. Оны әркім өз басына түскенде біледі. Құдай ешкімнің басына бермесін. Коронавирус бұл жаңа ауру. Бұрын-соңды зерттелмеген, ешбір елде вакцинасы жоқ. Әйтсе де, қорқудың қажеті жоқ. Егер карантиннің талаптарын дұрыс сақтаса, аурудың таралуы тоқтайды. Карантинді билік еріккеннен жарияламайды. Амалдың жоғынан жариялайды", - дейді маман.

Ғалым отандық вакцинаның қашан қолданысқа берілетінін тап басып айта алмады. Бірақ, жыл соңына дейін дайындап шығаруға мүмкіндігіміз бар деп отыр.

5
Кілт сөздер:
екпе, ғалым, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Нұр-Сұлтандық дәрігер коронавирустан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарылды
Вице-министр күзде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтты
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды
Сыбайлас жемқорлық

Сөмкесінен екі бума ақша шықты әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

63
(Жаңартылды 13:49 28.05.2020)
Әкім аппаратының жетекші қызметкері мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.

Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

63
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады