Қоғам

Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

© Sputnik / Владислав Воднев2019-nCoV коронавирусы бар шыны түтік
2019-nCoV коронавирусы бар шыны түтік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикада қауіпті вирусты тағы он төрт адам жұқтырды, науқастардың жалпы саны 265-ке жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 265-ке жетті, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

"29 наурыз сағат 14:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Алматы қаласында - 3 адам", - делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде 265 адам тіркеліп отыр.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 162 адам
  • Алматы қаласында – 67 адам
  • Қарағанды облысында – 7
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысы - 6 адам
  • Жамбыл облысында -3 адам
  • Шымкент қаласында - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 2 адам.
Жаңалықтар
0