Дәрігер, архивтегі сурет

Медицина қызметкерлеріне 850 мың теңгеге дейін үстемеақы төленеді

534
(Жаңартылды 17:48 30.03.2020)
Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы үстемеақы белгілеу туралы шешімді бекітті.

Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі. Олар:

  • "Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi - 850 мың теңге);
  • "Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 10 ең төменгі жалақы - 425 мың теңгені құрайды;
  • "Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемақы 5 ең төменгі жалақы- 212,5 мың теңгені құрайды. 

Отырыста үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, медицина қызметкері коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайтын болады.

534
Кілт сөздер:
үстемақы, теңге, қызметкерлер, медицина
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)
Тақырып бойынша
Астаналықтардың қай уақытта үйден шыға алатыны айтылды
Алматы облысында тіркелген жетінші науқастың жағдайы туралы айтылды
Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды
Алматыда коронавирус жұқтырған 11 жастағы бала әкесімен бірге ауруханада жатыр
Аулада қараусыз жүрген балалар үшін айыппұл салынады 
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

387
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

387
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

119
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

119
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)