Автовокзалда маска киген қыз

Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

4716
Дәрігер аллергиясы бар адамдар, әсіресе, сәуірдің аяғы мен мамыр айында аса сақ болуы керек екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Маусымдық аллергиясы бар адамдардың  коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Динара Талғатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шаң-тозаңға аллергиясы бар, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдар коронавирустың таралуына байланысты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіреді", - дейді аллерголог.

Талғатбекова аллергиясы бар адамдар, әсіресе, сәуірдің аяғы мен мамыр айында, ағаштар тозаңдана бастағанда сақ болуы керек екенін ескертті.

"Вирус ағзаға тыныс алу жолымен түсіп, көмей, кеңірдек пен бронхыларда жиналады. Яғни, бұл аллерген шырышты қабыққа оңай енеді деген сөз. Иммунитет әлсіз болса, вирустар мен аллергендер зақымдалған шырышты қабық арқылы организмге зиян келтіреді. Ал егер вирусқа шөптер мен өсімдіктердің гүлденуінен болатын аллергия қосылса, онда пациенттің жағдайы нашарлап кетуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Тағы оқыңыз: Ресей коронавирусты жоғары дәлдікпен анықтайтын тест жасап шығарды

Яғни, инфекциядан аллергия асқынса, ал аллергияның өзі коронавирусқа теріс әсер етеді.

Осы ретте қазақстандық маман аллергиямен ауыратындарға кеңес берді. Айтуынша, олар күн сайын мұрнын, аузы мен тамағын тұзды сумен шайып отыруы тиіс.

"Вирустық инфекция кезінде мұрын-жұтқыншақтың дер кезінде емделмеген аурулары (синусит, фарингит) одан сайын асқынып кетуі мүмкін. Аллергиясы бар пациент дәрігер белгілеген емді алуы керек. Әсіресе, бұл өсімдіктердің гүлдену уақытында өте өзекті", - дейді ол.

Айтуынша, вирустар әрдайым аллергиялық ауруларды асқындырып, демікпенің өршуіне әкеп соғады.

4716
Кілт сөздер:
аллергия, дәрігер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (877)
Тақырып бойынша
Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  
Коронавирустан көз жұмған екінші адам туралы толық мәлімет шықты   
Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 6 адам ауыр хәлде жатыр
Коронавирус қаупі: полиция 47 адамды іздеп жатыр
"Инфекция таратуы мүмкін": Алматыда қаңғыбастар ізім-ғайым жоғалды  
Алматыда коронавирустың 27 ошағы анықталды
Монеталар

Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысы бар қанша қылмыстық топ анықталды

2
(Жаңартылды 14:45 04.06.2020)
Министр орынбасары "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты атышулы қылмыстық істер туралы да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров әр өңірде қаржы пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған топтар құрылғанын атап өтті.

"Соңғы үш жылда Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша полиция бөлімшелері 42 қылмыстық іс қозғады. Олар бойынша қылмыстың 975 эпизоды тергелді. 2017 жылы – 11, 2018 жылы – 9, 2019 жылы – 10 және қазіргі кезде 12 қылмыстық іс қозғалған", – деді ол сенат отырысында депутаттың сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, 38 қылмыстық топ, оның ішінде трансұлттық бір топ анықталған.

2017-2019 жылдары ішкі істер министрлігі Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. Олар "Questra Holdings" қаржы пирамидасын құрған. Былтыр желтоқсанда кінәлі адамдар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Қылмыстық топ 9 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Заппаров биыл "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты қозғалған атышулы қылмыстық істерге де тоқталды.

"Бұл компаниялардың филиалы 15 өңірде қызмет етіп, олар өз жобаларына 39 мыңнан астам адамды қатыстырған. Бүгінде 9 393 адам арыз түсірді", – деді ол.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы қылмыстық істі тергеуді өз бақылауына алған.

2
Кілт сөздер:
қаржылық қызметтер, қаржы пирамидасы
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды
Өскемендік алаяқ жиһаз жасап беремін деп 16 адамды алдап кетті
Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде
EuroMillions лотерея билеті

Заңсыз лотерея өткізетіндер қалай жазаланады сенат заң қабылдады

12
Заңда лотерея операторынан немесе таратушыларынан басқа кез келген лотерея жарнамасына тыйым салу көзделеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Парламент сенаты лотереялар және лотерея қызметі туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы лотереялық қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Құжатта лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотерея ойындарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Жеке тұлғаларға – 100 АЕК, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 300 АЕК, орта бизнес үшін – 500 АЕК, ірі бизнес үшін 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

"Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді", – деді Райымқұлова сенат отырысында.

Сонымен қатар, лотерея операторымен немесе таратушыларымен (агенттерімен) орналастырылған жарнаманы қоспағанда, кез келген лотерея жарнамасына тыйым салынады.

Оператор – біреу, таратушы – үш мыңға жуық

Үкіметтің 2017 жылғы қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ лотерея операторы болып 15 жыл мерзімге белгіленді. Лотерея операторында 748 қызметкер жұмыс істейді.

Министрдің ақпаратынша, республикада 3 мыңға жуық таратушы (агенттер) шағын және орта кәсіпкерлерден тұрады. Олармен келісімшарттар негізінде жұмыс жүргізіледі, яғни лотерея операторы лотереяның дұрыс жүргізілуіне және таратылуына тікелей өзі жауап береді.

Таратушылар (агенттер) лотерея операторынан жалпы таратылған лотерея билеттерінің құнынан 6 процентке жоғары сыйақы алады.

Оқи отырыңыз: Енді Instagram-да лотерея өткізетін әнші-әртістер жауапқа тартылады

"Сәтті Жұлдыз" АҚ 24 жедел (оның ішінде 18-і электрондық) және 8 тиражды лотерея ойынын (оның ішінде 4-і электрондық) жүзеге асырады. 2017-2019 жылдар аралығында лотерея билеттерін сатудан түскен жалпы айналым 18,5 миллиард теңгені құраған.

Сенат заңды екі оқылымда да қабылдап, президентке жіберді.

12
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, заң, лотерея
Тақырып бойынша
Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым – вице-министр
Тікелей эфирде ұсталған Ернар Айдардың ісіне қатысты Мейрамбек Бесбаев пікір білдірді
Ернар Айдар заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінді
"Котёл" ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты
Василий Левитпен бірге түскі ас: лотерея жеңімпазы анықталды