Қазақстан туы фонында тұрған адамдардың сұлбасы

Маман сәуір айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

24361
Қазақстандық астрологтың болжамынша, көктемнің екінші айы барша адамзат үшін оңайға соқпайды, қақтығыстар саны артады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова сәуір айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дүрбелең күшейеді

Маманның айтуынша, сәуір айының басы – өте күрделі кезең. Әлемде көшбасшылар, жалпы әр адам билеп-төстеуге, үстемдікке ұмтылады.

"Адамдардың өз-өзіне сенімі артып, олардың бойынан табандылық, қайсарлық, өктемдік, агрессивтілік байқала бастайды. Дау-жанжал артады, адамдар кедергілерге тап болып, қателіктерге ұрынуы мүмкін. Құдды, бәрі сөз байласып, бірін-бірі әдейі аяқтан шалып жүргендей әсер қалдырады", -дейді Әбдірайымова.

Астролог ай басында қоғамда жағдай тұрақсызданатынын болжады. Құқықбұзушылық өсіп, теракт, төбелес, билікке қарсы наразылық, заң өкілдерімен қақтығыстар орын алуы ғажап емес.

"Сәуірде коронавирусқа байланысты дүрбелең күшейеді. Осы айдан кейін бәсеңдеп, жазға қарай тынышталады", - деді маман.

Сәуірде кімдердің жолы болады

"Айдың 14, 15, 16 күндері туған Бикеш, Сарышаян, Торпақ, Балықтар үшін жақсы кезең. Қаржылық істерде олжаға кенелуі мүмкін, ірі ұтыс күтіп тұр. Саяси және қоғамдық қызметке қолайлы уақыт",  - деп кеңес берді Әбдірайымова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

Ал Шаян, Таразы және Тоқтылардың жан-дүниесінде трансформация жүреді, тобырдан аулақ болып, өз күшін асыра бағаламаған абзал.

"1-2 сәуірде айдың 23 күні туған адамдардың тісі ауыруы мүмкін. Бірақ бұл уақытта тіс жұлуға кеңес бермейміз", - дейді астролог.

Бұдан бөлек, ол дін тақырыбындағы тартыстардан аулақ болуға шақырды.

3-4 сәуір аралығында ұмытшақтық байқалады, ой сан-саққа жүгіріп, ісіңіз алға баспайды, қателік көп жасайсыз.

Әбдірайымова бұл уақытта адамдар құжаттары мен іскерлік қағаздарын жоғалтып алуы мүмкін екенін ескертті. Сақ болмасаңыз, ұрылар мен алаяқтардан зардап шегуіңіз мүмкін.

"Көлік апаты жиілейді, сол себепті ішімдіктен аулақ болыңыз. Әсіресе бұл айдың 9 -10 күндері туған Балық, Бикеш, Егіздер мен Мергендерге қатысты", - дейді ол.

Есесіне, 4 сәуірде басталған қос ғашықтың қарым-қатынасы ұзақ уақытқа созылып, махаббаты баянды болмақ.

"Ұшаққа отырмаңыз"

"7-8 сәуір аралығы – ақыл-ой жұмысы үшін өте жақсы уақыт. Бірақ бұл кезеңде біз ашуға тез берілеміз, апаттар мен жазатайым оқиғалардың саны артады, техника істен шығады, байланыс бұзылады, табиғи апаттар орын алуы мүмкін. Ірі әуе компанияларының банкротқа ұшырағанын естисіз. Сол себепті бұл күндері ұшаққа отырмаңыз, әуе апатына ұшырауыңыз мүмкін", - деп ескертті Әбдірайымова.

Сонымен қатар, ол от, электр энергиясын, қаруды пайдаланған кезде, абай болуға кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді

"Қоғамдық орындардағы жарылыстардан, тәртіпсіздіктерден, наразылық пен ереуілдерден сақтану керек. 21 сәуірде аздап күйзеліске түсуіміз мүмкін. 24-25 сәуірде дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Ал 26 сәуірде саяхатқа, экспедицияға шықпаңыз", - деді қазақстандық маман.

Астрологтың болжамынша, сәуірдің ортасынан соңына дейінгі аралықта бойдақтар өз теңін табады. Ал іскерлік қарым-қатынас махаббатқа ұласуы мүмкін.

Бұдан бөлек, қосымша табыс табуға, косметологқа баруға қолайлы кезең.

24361
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, болжам, астролог
Тақырып бойынша
"Басты тойларымыз әлі алда": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев кредит процентін алып тастауды сұрайтындарға жауап берді
Президент үкіметке жанармай бағасын арзандатуды тапсырды
Тоқаев 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік берілетінін айтты
Президент: 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті алатындардың саны артады
Кәсіпкерлер 1 қазанға дейін салықтан босатылды
Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасады – толық мәтін
Үш мегаполисте жұмысқа тұрғандарға 85 мың теңге көтерме ақы беріледі
Сот отырысы

Қазақстандық судьялардың іссапар кезіндегі әрекеті әшкере болды

2
(Жаңартылды 13:51 04.06.2020)
Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына қызметтің іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жоғарғы соттың екі судьясын тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына қызметтің іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды. Олардың барлығы сот этикасын өрескел бұзған.

"Судьялар қызметтік іссапар кезінде мемлекеттің тарапынан толығымен қамтамасыз етіледі. Соған қарамастан, облыстағы әріптестерінен материалдық сый-сыяпат алған. Мәселен, Жоғарғы соттың судьялары танымал мейрамхананың VIP-кабинасында түскі асты да, кешкі асты да күтіп алушылар есебінен ішкен. Оған қоса, күтіп алушылардың көліктерін жеке мақсатта пайдаланған. Осылайша,  этиканы өрескел бұзған", - деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.      

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет Жоғарғы сотқа екі судьяны тәртіптік жазаға тарту туралы ұсынысты енгізді. 

"Жалпы, бұған дейін осы іспетті ұсыныстарды қарастырғаннан кейін 272 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған болатын. Олардың ішінде 30 адам жұмыстан босатылды", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

2
Кілт сөздер:
сот, іссапар, судьялар
Тақырып бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Алматыда судья алған парасын қайтарып жатқан жерінен ұсталды - видео
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Полиция инспекторы

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

19
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

19
Кілт сөздер:
пара, полицей
Тақырып бойынша
Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді – видео
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді