Дәрігерлер, архивтегі фото

"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді

32562
(Жаңартылды 20:31 01.04.2020)
Екі аптадан бері инфекционист дәрігерлер ауруханада тұрып жатыр, туыстарымен тек телефон арқылы сөйлесе алады. Көпшілігін үйінде баласы күтіп отыр, алайда олар коронавирус инфекциясымен күресті аяқтап қана үйіне қайта алады 

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Астаналық инфекционист дәрігерлер медицина мекемелерінде "оқшауланып" жұмыс істеп жатыр, ауруды жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан олар әзірге жақындарымен жүздесе алмайды. Осындай қиын сәтте үкімет дәрігерлерге қолдау көрсетілетінін айтты, енді ақ халаттылар миллион теңгеге дейін жалақы алады.

Врач-инфекционист Куралай Мырамытова
© Photo : Предоставлено Куралай Мамытовой
Астаналық инфекционист дәрігер Құралай Мырамытова

Астананың көпсалалы медициналық орталығының инфекционисі Құралай Мырамытова Sputnik Қазақстан тілшісіне жұмысы мен науқастар жайлы айтып берді.  

Аурухана үйіңе айналады

"Біз күндіз-түні коронавирус жұқтыру ошағында жұмыс істейміз,  жеке инфекциялық блокта індетке шалдыққан науқастар жатады. Вирустың алғашқы жағдайы тіркелген кезден бастап үйге бармайтын болдық, себебі біз де науқаспен байланыста болып, вирус тасымалдаушы болуымыз мүмкін", - деп түсіндірді инфекционист.

Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне 850 мың теңгеге дейін үстемеақы төленеді

Жаңа жалақы туралы сұраққа дәрігер: "күтеміз, көреміз" деп жауап берді.

Күшейтілген режимдегі жұмыс

Коронавирус пандемиясы – бүкіл әлем үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де үлкен сын. Соған қарамастан, Құралай Мырамытова қазақстандық дәрігерлер індетке дайын болды деп санайды.

"Дәрігер болып жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды, инфекционист мамандығына оқыдым. Әрине, біз мұның бәрін теорияда, тәжірибеде көрдік – әрбір студент обаға қарсы киімді қалай кию керек екенін біледі. Дәрігерлер үшін, әсіресе, инфекционистер үшін әр түрлі оқиғамен тұрақты түрде тренингтер өткізіледі. Қазір біз жеке және топ болып жұмыс істеуді үйреніп, жаңа мәлімет алып жатырмыз", – дейді ол.

Дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері кесте бойынша жұмыс істейді – біреу тәулік бойы, біреу күндіз, енді біреу түнгі ауысымға шығады.

"Бізде дәрігерлер жетерлік, сондықтан ауысыммен жұмыс істейміз. Кезекшіліктен кейін міндетті түрде 12 сағат демаламыз. Ең бастысы – блоктан шықпау. Сондықтан осы жерде тамақтанып, осында ұйықтаймыз", - дейді дәрігер.

Арнайы киімнің "азабы"

Медицина қызметкерлері қажетті киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген.

"Науқаспен қарым-қатынаста болғаннан кейін әрбір 2-3 сағат сайын бір реттік киімді ауыстырамыз. Дезинфекция хаттама бойынша жүргізіледі", - деп атап өтті ол.

Арнайы киім вирустан қорғайды, бірақ үлкен ыңғайсыздық тудырады. Бұл медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегін көрсетеді.

"Беті көгерген Қытай дәрігерінің видеосы естеріңізде ме? Бізде де дәл солай. Өкінішке қарай, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана. Кейде респиратор астынан әдеттегі медициналық бетпердені тағамыз, солай сәл жеңілдеу, алайда тыныс алу қиындап кетеді", - дейді дәрігер.

"Жылап жіберуден қорқамын"

Дәрігерлер инфекция тасымалдаушы бола алатындықтан, оларға туыстарымен кездесуге тыйым салынған, олар тек телефон арқылы сөйлесе алады. Құралай Мырамытова – үш баланың анасы.

"Ұлдарым 2 және 13 жаста, қызым 8 жаста. Балалармен видеосыз тек телефон арқылы сөйлесуге тырысамын – бұл мен үшін өте ауыр, жылай бастаймын. Балалар да, әрине, сағынады. Осындай сәтте көмек көрсетіп жатқан туыстарыма алғыс айтамын. Алайда оларды тезірек көргім келеді", - дейді Мырамытова.

Үйде отырыңыз!

Қазақстан коронавирусты неғұрлым тез жеңсе, дәрігерлер соғұрлым үйіне тез оралады, оған азаматтардың көмегі қажет.

Қазір елімізде 24 науқас ауруханадан шықты. Олардың барлығы Құралай жұмыс істейтін көпсалалы медициналық орталықта емделді. Айта кету керек, ауруханадан шығарылған барлық адам екі апта карантинде болады.

Бірақ ауырғандардың саны күн сайын өсіп келеді, қазір 348 адамға жетті.

"Үйде отырыңыз! Мен адамдардың қанша проценті бұл аурудың күрделі екенін түсінбей отырғанын білмеймін, тіпті менің туыстарымның арасында да күмәнмен қарағандар болды. Шындыққа сенбей, карантин ережелерін сақтамай, қонаққа барып жүрген адамдардың кесірінен науқастардың саны артуы мүмкін,- деп ескертті дәрігер.

Кеше баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда науқастардың саны сәуірде 3,5 мыңға жетуі мүмкін деді.

32562
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрігер, аурухана
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (859)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 6 адам ауыр хәлде жатыр
Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге төленеді 
Абаев қандай дәрігерлер айына 1 миллион теңге алатынын айтты
Коронавирустан көз жұмған әйелге неге қате сынама жасалды – министр жауабы 
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Дрон, архивтегі фото

Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді

0
"Қазпошта" басшысының айтуынша, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді, онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқаттарды дронмен жеткізу қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, бас кезінде мұндай қызметті республика бойынша іске қосу жоспарланған. Алайда көп жерде ауа-райы қолайсыз болғандықтан қатты жел тұрғанда дронмен тапсырыс жеткізу мүмкін болмаған. Осыған байланысты ондай қызметті тек оңтүстік аймақтарда ғана қалдыруға шешім қабылданды.

"Қазіргі кезде дрондар Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында ұшады. Осы уақытқа дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен 22 тонна жүк жеткізілді. Оған көбінесе хаттар мен басылымдар кіреді", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді. Онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады.

"Мысалы, кей кезде шалғай жатқан бір ауылға сәлем-сауқат жеткізу керек. Төтесінен 50 шақырым болса, айналма жолмен 250 шақырым шығады. Екі келі газет үшін көлік жіберген тиімсіз. Ал дрон таудан асып өтеді де, газетті тастай салады. Сөйтіп, қайтып ұшып келеді", - деп түсіндірді Сәрсенов.

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы 

Компания басшысы дронды ұшыру үшін құқық қорғау органдарынан рұқсат алынатынын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті де өз келісімін беруі керек.

"Әлем осы қызметті біртіндеп дамытып жатыр. Алайда дрондарды қалада ұшыру жағынан бірқатар қиындық бар. Себебі ұшақтар мен тікқұшақтар ұшып жүреді. Халықтың қауіпсіздігі бар және тағы басқа шектеулер енгізілген. Сол себепті біз әзірге ондай қызметті шалғай жерде ғана дамытуды ұйғардық. Болашақта әлемдегі жағдайға қарай дрондарды қолдануды кеңейтетін шығармыз", - деп түйіндеді "Қазпошта" басшысы.

 

0
Кілт сөздер:
Қазпошта, дрон
Сұлулық салоны

Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты

6
(Жаңартылды 17:36 28.05.2020)
Клиенттер сұлулық салонындағы кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді қызмет түрлерінен қазірше бас тарта тұруы тиіс

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресейлік жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында шаштаразға барған кезде коронавирусты жұқтырудан қалай сақтану керек екенін айтты.

"Шаштаразда шаш қию, шашты сәндету секілді қызметті ғана пайдалануға болады. Бетке қатысы бар процедулар орындалмайды. Себебі адам міндетті түрде маскада болуы қажет", – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, салонда клиент пен шаштараз маска тағу режимі мен өзге де қажетті шектеулерді сақтауы қажет. Сонымен қатар кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді күтімнен бас тартқан жөн.

"Екі адамның арасында байланыс өте жақын болғандықтан шаштараз бен клиенттің вирус жұқтыру қаупі жоғары", – деп ескертеді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бес жарым миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал 350 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Қазақстанда науқастар саны 9 576 адамға жетіп, 4 827 адам жазылып шықты, 37 адам қайтыс болды.

6
Кілт сөздер:
коронавирус, шаштараз, сұлулық
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (859)
Тақырып бойынша
Айдар, тұлым, кекіл: қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрінің сыры неде?
Енді шаш алмайды: алматылық дәрігердің ісінен кейін министр шешім қабылдады
Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды – фото
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді