аурухана, дәрігер

"Қоштасуға 30 минут беріледі": бас санитар індеттен көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты

1895
(Жаңартылды 16:19 01.04.2020)
Бас санитардың арнайы қаулысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен арнайы қаулыны бекіттім. Онда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі де көрсетілді. Осы вирустан көз жұмғандардың ағзасын ашып қарамайды. Мәйіт туған-туыстарына да берілмейді", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, марқұммен қоштасуға 30 минут уақыт қана беріледі. Соның өзінде 3 метр алшақ тұру қажет. Ондайда тек жақын туыстар мен бір дін қызметкері ғана болуы шарт.

"Марқұмды жерлеу кезінде барлық эпидемиологиялық шаралар ескеріледі. Осының бәрін санитарлық-эпидемиологиялық мамандар мен жергілікті билік өкілдері міндетті түрде бақылап тұруы қажет", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 369 адамға жетті. Үш адам қайтыс болды. 

Тағы оқыңыз: Діни басқарма індеттен көз жұмғандарды жерлеуге қатысты пәтуа шығарды

1895
Кілт сөздер:
жерлеу, індет
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (638)
Тақырып бойынша
Қазақстанның үш қаласында дәрігерлер коронавирус жұқтырды
Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты
Босап қалған қала: карантиндегі Нұр-Сұлтанда не болып жатыр - видео
Атырауда облыстық аурухана карантинге жабылды
Коронавирус елдің ішінде тарай бастады – бас санитар дәрігер
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

10
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

10
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

79
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

79
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды