Қоғам

Министр 85 мың теңге көтерме ақы қандай жағдайда берілетінін айтты 

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр труда и социальной защиты населения Нурымбетов Биржан Бидайбекулы
Министр труда и социальной защиты населения Нурымбетов Биржан Бидайбекулы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр әкімдіктерге жұмыссыздарды қабылдау үшін жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының электронды жүйесін толығымен пайдалануға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында жұмысқа тартылған жастарға біржолғы 85 мың теңге көтерме ақы төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ірі қалаларға өңірлерден келіп жұмыс істеген, бүгінде жұмыссыз қалған жастар өз өңіріне қайтып, "Жұмыспен қамту жол картасына" қатысуға ниет білдірсе, жұмысқа кірген күні бір мезеттік 85 мың теңге көтерме ақы алады", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мобильдік бекеттер құрып, жастарды жұмысқа шақыруы керек. 

Министр әкімдіктерге жұмыссыздарды қабылдау үшін жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының электронды жүйесін толығымен пайдалануға кеңес берді. 

Бұған дейін президент елорда, Алматы мен Шымкент маңында жұмыссыз жүрген азаматтарға "Халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында жұмыс тауып беруді тапсырған еді.

Тағы оқыңыз: 42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашылады

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 31 наурыз күні телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде карантинге байланысты елорда, Алматы мен Шымкент қалаларының маңында жұмыссыз жүрген халық көбейіп кеткенін айтқан болатын.

Қасым Жомарт Тоқаев осы үш мегаполистегі жұмыссыз азаматтарға "Халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында жұмыс тауып беруді тапсырды. 

Жаңалықтар
0