Алматы қаласында қойылған блок-бекет

Карантинге алынған аумақта өрт шықса не істеу керек?

64
(Жаңартылды 12:52 02.04.2020)
Пәтер иелері кооперативі карантин аумағындағы тұрғындар үшін алдын ала басқа кіреберістердің тұрғындарымен араласпайтындай ауладан орын анықтауы керек

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматыда төтенше жағдайға байланысты карантин енгізілген аумақта өрт шыққан жағдайда не істеу керек екенін қалалық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Арман Бәйгелов айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада 24 карантиндік аймақ бар. Барлығының кіреберісі шектелген. Пәтер иелері кооперативі басшылары осындай пәтерлердің бірінде өрт шыққан жағдайда барлық кіреберістің эвакуацияланатынын түсінген жөн", – деді Бәйгелов.

Ең алдымен, пәтер иелері кооперативі карантин аумағындағы тұрғындар үшін алдын ала басқа кіреберістердің тұрғындарымен араласпайтындай ауладан орын анықтауы керек.

Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлерде негізгі және эвакуациялық шығу есіктерін ашық ұстау керек.

Үйдегі өрттен қорғау жүйесін (хабарландыру мен түтін шығаратын жүйе) таза ұстау керек және эвакуация бағыттары (баспалдақтар, дәліздер, холл және фойе) әртүрлі тұрмыстық заттармен бітеліп қалмауы тиіс.

Балкондардағы қабатаралық эвакуациялау люктері еркін ашылуы керек.

Оқи отырыңыз: Атырауда облыстық аурухана карантинге жабылды

​Егер өрттің белгілері анықталса, ең алдымен мемлекеттік өртке қарсы қызметке 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Айта кетейік, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен 1 525 құтқарушы қызмет атқарудың ерекше жұмыс режиміне ауыстырылды. Тәулік бойы 118 техника мен 355 құтқарушы және өрт сөндіруші жұмыс істейді.

64
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (397)
Тақырып бойынша
Сағынтаев карантин кезінде алматылықтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтты
Психолог карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып отырғандарға кеңес берді
Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек
Денсаулық министрі республика бойынша карантин енгізудің себебін айтты 
Сұлулық салоны

Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты

2
(Жаңартылды 17:36 28.05.2020)
Клиенттер сұлулық салонындағы кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді қызмет түрлерінен қазірше бас тарта тұруы тиіс

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресейлік жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында шаштаразға барған кезде коронавирусты жұқтырудан қалай сақтану керек екенін айтты.

"Шаштаразда шаш қию, шашты сәндету секілді қызметті ғана пайдалануға болады. Бетке қатысы бар процедулар орындалмайды. Себебі адам міндетті түрде маскада болуы қажет", – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, салонда клиент пен шаштараз маска тағу режимі мен өзге де қажетті шектеулерді сақтауы қажет. Сонымен қатар кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді күтімнен бас тартқан жөн.

"Екі адамның арасында байланыс өте жақын болғандықтан шаштараз бен клиенттің вирус жұқтыру қаупі жоғары", – деп ескертеді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бес жарым миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал 350 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Қазақстанда науқастар саны 9 576 адамға жетіп, 4 827 адам жазылып шықты, 37 адам қайтыс болды.

2
Кілт сөздер:
коронавирус, шаштараз, сұлулық
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Айдар, тұлым, кекіл: қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрінің сыры неде?
Енді шаш алмайды: алматылық дәрігердің ісінен кейін министр шешім қабылдады
Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды – фото
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

24
(Жаңартылды 17:16 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде зейнетақыны қалай алады

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

24
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады