Қоғам

Алматы қаласының бас дәрігері ауруханада жатқан 80 адамның жай-күйін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазірге дейін қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Олар енді 14 күн үй карантинінде болады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматыда қазіргі уақытта 80 адам емделіп жатыр. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда қазір 80 адам ауруханада жатыр, ішінде Алматы облысының бір тұрғыны және бір бала бар.

"68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Екі ересек адамның жағдайы ауыр, ал 10 адамның денсаулығы орташа. Баланың денсаулығында жақсару байқалады", – деді Әбілдаев.

Науқас әйел 23 наурызда жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, екінші науқас бірінші сәуірден бастап аппараттың көмегімен демалады.

Кеше тағы бір науқас ауруханадан шығарылды. Жалпы қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Енді олар 14 күн үй карантинінде болады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел сұхбат берді

Қазір провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның 81-і бала.

Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам болса, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3 853 азамат.

Жаңалықтар
0