Қоғам

Қазақстанда он бір науқас хәл үстінде жатыр – министр

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі брифингте олар интенсивті реанимация бөлімінде ем қабылдап жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған он бір адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Он бір науқастың жағдайы өте ауыр деп саналады. Олар интенсивті реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 68 пациенттің жағдайы орташа. 341 адамның жағдайы жеңіл", - деді министр онлайн брифингте.

453 науқаспен байланыста болған 13 467 адам анықталды. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кетті, ал қалған 13 025 азаматтың 96,7 проценті табылып, оқшауланды.

Оқи отырыңыз: Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты

Жаңалықтар
0