Асхат Аймағамбетов

Білім министрі мектеп директорларын не үшін жұмыстан шығаратынын айтты

12530
(Жаңартылды 08:11 06.04.2020)
Ведомство басшысы қашықтықтан оқытуға дайындыққа арналған селекторлық жиын өткізіп, мектеп директорларына ескерту жасады

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден қашықтықтан оқыту кезінде фото және видео есеп талап етпеуді тапсырды. Ол туралы ведомство басшысы қашықтықтан оқытуға дайындыққа арналған селекторлық жиында айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

"Мектеп директорлары мұғалімдерден скрин, видео және есеп талап етеді. Ешқандай есеп болмауы тиіс! Мен ескертемін. Ондай жағдайда қызметті босатасыздар", – деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, 6 сәуірде Қазақстанда оқу жылының төртінші тоқсаны басталады. Коронавирусқа байланысты сабақтар қашықтықтан өткізіледі.

Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында балалар бақылау жұмысын тапсыра бастайды. 2-3 жұмыстың орнына біреу болады. 

Ал ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі өзгерген жоқ. Бірақ түлектерге тапсырманың 70 нұсқасы бар онлайн-жаттығулар қолжетімді болады.

12530
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (409)
Тақырып бойынша
Министр оқушылар үшін төртінші тоқсан қашан аяқталатынын айтты
Президент қатысқан салтанатты жиында оқушылар мен мұғалімдер естен танып құлады
Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды
"Ел арна" мен "Балапан" телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді
Мұхамеджан Тазабек оқушылар алдында дәріс оқи ала ма – министрдің жауабы
Ақша, теңге

Елбасы қорынан кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні айтылды

1819
Ауылдық жерлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсету үшін төртінші рет қаржы бөлінуі мүмкін

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге көлемінде бір рет берілетін төлемдердің үшінші толқынын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Осы аптада шағын қалалардың, ауылдардың және ірі қалаларға жақын елді мекендерде тұратын мұқтаж тұрғындар арасынан 110 мыңға жуық отбасыға атаулы қаржылай көмек көрсетіледі", - деп жазды Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар жақында қорға қосымша қаражат түсетінін атап өтті.

"Осыны ескере отырып, Елбасы еліміздің ауыл тұрғындарына тікелей назар аудара отырып, көмекке мұқтаж қазақстандықтарға қаржылай көмектің төртінші толқынын көрсету мүмкіндігін пысықтауды тапсырды", - деді Байбек.

Ол бұған дейін 23 қаланың 360 мыңнан астам отбасы бірінші және екінші толқын аясында 50 мың теңгеден бір жолғы төлем алғанын еске салды. Jas Otan қозғалысының аясында 5 мыңнан астам ерікті 240 мың отбасыға азық-түлік себетін, медициналық маска мен қажетті тауарларды жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары және жеке гигиена құралдары түрінде 1 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Birgemiz қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Birgemiz қоғамдық қоры 2020 жылдың 20 наурызында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында халықтың тұрмысы төмен тобына көмек көрсету үшін құрылды.

1819
Тақырып бойынша
2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
Алақанымен бетін көлегейлеген қыз

Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген

27
(Жаңартылды 14:53 03.06.2020)
Депутаттың айтуынша, қазіргі қоғам мен сала мамандары арасында балалардың психикалық жағдайы туралы қате пікір қалыптасқан

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Артур Платонов Қазақстанда карантин кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың арасында суицид жасағандар саны екі есеге көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутаттың айтуынша, төрт айда 114 бала суицид жасауға әрекеттеніп, 46 оқиғаның соңғы қайғылы жағдайға ұласты. Мұндай келеңсіздіктер бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы мен Қостанай облыстары алда тұр.

"Баланың өзіне қол жұмсау әрекетін жасыруға тырысатын және білікті мамандардан көмек сұрап жүгінбейтін ата-аналар да бар. Өйткені, бала болашақта оқуға түсіп немесе әскери не құқық қорғау саласына қызметке орналасар кезде мәселелер туындайды", – деді депутат.

Ол арнайы мемлекеттік органдардың статистикасы бойынша 2017-2019 жылдар аралығында балалар арасындағы суицид санының өсу үрдісі байқалғанын атап өтті.

2018 жылы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы суицидтің алдын алу және ескерту бойынша мемлекеттік жоба ұсынды.

Бағдарлама ақпараттық, оқыту кезеңі және тәуекелді алдын ала анықтау сынды үш кезеңнен тұрады.

"Талдау нәтижесінде бірқатар өңірде бағдарламаның бірінші және екінші кезеңі бойынша оқыту жүргізілгенін анықтадық. Ал кейбір өңірде суицидтің алдын алуға қатысты ғылыми-негізделген бағдарламаны ескере отырып жүргізілген зерттеулер бұл мәселеде оқыту мүлдем жүргізілмегенін көрсетті", – деп нақтылады депутат.

Сондай-ақ, Платонов қазіргі қоғам мен сала мамандары арасында балалардың психикалық жағдайы туралы қате пікір қалыптасқанын да атап өтті. Соның салдарынан жобаны жүзеге асыруда қосымша қиындықтар туындаған.

Оқи отырыңыз: Балиева: балалар арасында суицид деңгейі төмендеп келеді

Мәжіліс депутаты Қазақстанның вице-премьерінің атына жолдаған депутаттық сауалында балалардың өзіне қол жұмсауын азайту үшін құзырлы органдар не істегенін және статистикаға сүйене отырып, қабылданған шаралардың неге тиімді болмай жатқанын көпшілік назарына шығаруды ұсынды.

27
Кілт сөздер:
балалар, суицидтің алдын алу, суицид
Тақырып бойынша
Бас имам: суицид жасағандарды бөлек жерлеуге әуелде тұрғындар қарсы болды
Ақтөбе әкімдігі жанындағы суицид: құқық қорғаушы оқиғаға қатысты пікір білдірді
ОҚО-да суицид жасаған полицейге қатысты жаңа деректер шықты
Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді
Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз суицид жасады
Жандарбек Бекшин

Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді

5
Қазір қалада адамдар кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейген

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 1 маусымда қабылданған қаулыдағы шектеу шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қала аумағанда топ болып жиналуға тыйым салынады.

"Қала алаңдарында, аумағында адамдардың топ болып жүруіне шектеу қойып жатырмыз. Қазір адамдар жеке үйлерді, кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейді. Сол себепті осындай шешім қабылдадық", - деді ол.

Сонымен қатар баланы балабақшадан алып қайтуға егде жастағы кісілерді жібермеуге қатысты ұсынысын түсіндірді.

"60-65 жастан асқан кісілер инфекцияны тез жұқтыратын қауіпті топқа кіреді. Ең бірінші талап – оларды оқшаулау. Үлкендер бұл талапты қатаң сақтап келгендіктен науқастар арасында олардың саны көп емес. Жастардың үлесі – 41%,  үлкендердің үлесі жеті процентке жетпейді. Үлкендерге қарым-қатынасты азайту керек", - деді ол.

Қаланың бас санитар дәрігері мемлекеттік балабақшаны ашу туралы мәселе 15 маусымға дейін көтерілмейтінін айтты.  

Сонымен қатар ашық бассейн мен жағажайдың жұмысына рұқсат беру мәселесі де 15 маусымнан кейін қаралатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин шарасы күшейтіледі 

"Бізде күн ыстық, көбіне судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін көпжылдық талдау көрсетіп отыр. Сол себепті шомылу аймақтарын ашу мәселесін қарастырмаймыз. Оларды 1 маусымнан бастап ашу жөнінде бірқатар ұсыныс түсті, алайда бұл мәселені 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин.

Ол қаладағы спорт кешендерінде бассейн ашық екенін, ал Алматыдағы су қоймаларының сапасы сын көтермейтінін алға тартты.

5
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (409)
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады
Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы