Мессенджер Telegram

42 500 теңге алуға арналған Telegram-бот іске қосылды - өтініш қалай тапсырылады

8924
(Жаңартылды 12:23 06.04.2020)
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" қоғамы бірлесіп, Telegram-бот әзірледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір - Sputnik. Қазақстанда 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік пен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты.

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өту керек. 

Бот арқылы өтінім беру

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:

  1. "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;
  2. Өз жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу;
  3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
  4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
  5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
  6. Өз өтінішіңізді растау.

Бұдан кейін сізге келесі мынадай хабарламалар келеді:

  • сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
  • сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
  • сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

  1. "Қызметкер" батырмасын басу;
  2. Өз жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу;
  3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірін енгізу;
  4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
  5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
  6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
  7. Өз өтінішіңізді растау.

Бұдан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдарға келгендей хабарламалар түседі. Өтінімді қарау және әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.

8924
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (409)
Тақырып бойынша
Қазақстандықтардың назарына: 42 500 теңге алу үшін жаңа сайт іске қосылды
 42 500 теңге: премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды
42 500 теңгені электронды цифрлық қолтаңбасыз қалай алуға болады
Жұмағалиев қанша қазақстандық 42 500 теңге алып үлгергенін айтты  
42 500 теңге: төлем SMS алғандардың бәріне беріле ме?
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

50
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

50
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

9
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

9
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді