Қоғам

Алматының бас санитар дәрігері көшеде бетпердемен жүруге қатысты ойын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинская маска на фоне панорамы города
Медицинская маска на фоне панорамы города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин кезінде көшеде бетпердемен жүруге қатысты ұсынысын бірнеше рет өзгерткен болатын

АЛМАТЫ, 7 сәуір– Sputnik. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова көшеде медициналық бетперде тағуға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық бетперде тағуға қатысты ұсыныстарын өзгертті, қазір денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағу аурудың алдын алатын шаралардың бірі деп санайды. Алайда мен эпидемиолог ретінде көшеде біреу сөйлеспесеңіз, бірге жүрмесеңіз мұндай қажеттілік (маска тағу) жоқ деп ойлаймын", - деді Молдағасымова.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық бөлме ішінде бетперде тағу дерттің алдын алу шараларының бірі екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин кезінде көшеде бетпердемен жүруге қатысты ұсынысын бірнеше рет өзгертті. Бастапқыда көшеде бетперде тағудың қажеті жоқ екенін айтса, қазір міндетті түрде бетперде тағуды ұсынып отыр.

Айта кетейік, Алматыда ауру жұқтырғандардың саны 119 адам, ішінде 21 адам жазылып шықты. Қазақстанда барлығы 670 адамда коронавирус расталды. 

Жаңалықтар
0