Қазақстан парламентінің ғимараты

Назарбаева: Сын сағатта бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмайды

1864
(Жаңартылды 13:20 09.04.2020)
Сенат спикері ешкім қамқорлықсыз қалмайтынын, ол үшін мемлекетте қажетті ресурстардың бәрі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева төтенше жағдай кезінде мұқтаж азаматтардың барлығына көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ең бастысы осындай сын сағатта бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын түсінуіміз керек. Ол үшін біздің мемлекетімізде қажетті ресурстардың бәрі бар. Қазіргідей қиын сәттерде, бізге – барша қазақстандықтарға қоғамдағы бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтап қалу өте маңызды", - деді спикер сенат отырысында.

Назарбаева кез келген дағдарыс мемлекеттің, қоғам мен адам құндылықтарының беріктігіне сын екенін атап өтті.

"Сенаторлардың және өзімнің атымнан, әрдайым, қиын сәттерде ынтымақтасып, бірлік көрсетіп отырған Қазақстан халқына, түсіністік пен сабырлық танытқан еліміздің әрбір азаматына зор алғысымды білдіремін", - деді ол.

Сонымен қатар, коронавирустың салдарынан жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сырқаттанып жатқан азаматтарға тез арада айығып кетуін тіледі.

"Бұдан әрі күтуге болмайды": Назарбаева дағдарыс проблеманың бетін ашқанын айтты

Бұдан бөлек, медицина, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскерилер мен еріктілерге ризашылығын білдірді.

"Бұл қызметкерлерге қазір оңай тиіп жатқан жоқ. Өйткені олар індеттің меңдеуін тоқтатуға күш салып, ауруханалар мен инфекциялық бөлімшелерде науқастарды емдеп, адам өмірін сақтап, көшелерде, блокбекеттерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, күнделікті ерлік жасап жатыр. Бұл күресте алғы шепте жүрген азаматтарға айтылған алғысыма Қазақстанның әрбір азаматы қосылатынына сенімдімін", - деді Назарбаева.  

Сондай-ақ, қиын кезеңде мұқтаж жандарға қайырымдылық пен қаржылай қолдау көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге ерекше алғыс білдірді.

1864
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (638)
Тақырып бойынша
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Назарбаева отандық өнімді жарнамалауға жұлдыздарды тартуға шақырды
"Арандатушылар  – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады
Депутат: еліміздің негізгі қара жұмыс күші өзбектер екені көрініп тұр
"Қолжаулыққа айналдыруды доғару керек": депутат үкіметке шүйлікті
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

10
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

10
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

79
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

79
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды