Қоғам

Тоқаев Қазақстанға көмек көрсеткен қытай миллиардеріне алғыс білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда тілектестік үлкен маңызға ие деген пікірде

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атақты кәсіпкер Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Бұл туралы президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Әлемге танымал кәсіпкер және халқымыздың жақсы досы Джек Ма мырзаға менің еліме молынан гуманитарлық көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын", - деп атап өтті Тоқаев.

​Мемлекет басшысының пікірінше, Джек Ма осындай өте қиын жағдайларда тілектестіктің маңызы зор екенін көрсетті.

"Біз бірге міндетті түрде жеңіске жетеміз", - деп түйіндеді Қазақстан президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 10 сәуірде миллиардер Джек Маның қоры мен Alibaba Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберген болатын.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстанға дәрігерлерін жіберіп жатыр 

4,5 тонна болатын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттары жеткізілмек.   

Жаңалықтар
0