Қоғам

Президент кеңесшісі төтенше жағдайдың ұзартылуына қатысты жазба жариялады

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Вокруг Петропавловска установлены блокпосты
Вокруг Петропавловска установлены блокпосты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олжас Құдайбергенов төтенше жағдай режимі мен карантин режимінің арасында қандай айырмашылық бар екенін айтты

АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов төтенше жағдай режимінің ұзартылуы және бірнеше қаладағы карантин туралы шешімді түсіндірді. 

Төтенше жағдай режимі мен карантин

Құдайбергеновтың айтуынша, төтенше жағдай режимі мен карантиннің бір-бірінен айырмашылығы бар. 

"Төтенше жағдай режимі кезінде карантин енгізу міндетті емес. Ол, негізінен, мемлекеттік органдардың жұмыс режимін өзгертуге бағытталған. Барша елдің аумағында жарияланады. Ең көп дегенде 30 күнге енгізіледі, қажеттілік туындаса, ең көбі тағы 30 күнге ұзартылады. Әзірге сәуірдің соңына дейін деп айтылды. Тағы да созылатын болса, қорқынышты еш нәрсе жоқ", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. 

42 500 теңге төлеу жалғаса ма

Президент кеңесшісі төтенше жағдай режимінің ұзартылуы екінші айда да 42 500 теңге төленеді деген сөз екенін атап өтті. Қайта өтініш жолдаудың қажеті жоқ.

Карантин қай уақытқа дейін созылады

Оның айтуынша, карантин мерзімі қалыптасқан жағдайға байланысты анықталады. 

"Үш күнге созуы мүмкін, 30 күнге де созуы мүмкін. Бәрі жағдайға байланысты", - деді Құдайбергенов. 

Ол карантиннің сәуірдің соңына дейін ұзартылғанына қарамастан, жағдай тұрақты бола бастаған қалалар карантинді біртіндеп әлсірететінін айтып отыр.

Елде 15 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілді.Ол сәуір айының соңына дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0