Қоғам

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 15-ші адам көз жұмды

© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске
Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1267 адамға жетті, 203 науқас сауықты

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Коронавирус инфекциясынан Қостанай облысында 1 адам көз жұмды. Науқас 1945 жылы туған азамат", - делінген ақпаратта.

Осылайша Қазақстанда коронавирус індетінен 15 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам, Алматы қаласында 2 адам, Шымкентте 2 адам, Ақмола облысында 4 адам, Шығыс Қазақстанда облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қостанай облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Түркістан облысында 1 адам. 

Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1267 адамға жетті. 203 адам сауығып шықты. 

Жаңалықтар
0