Қоғам

Елде 1341 адамда коронавирус расталды

© Sputnik / Ramil Sitdikov / Медиабанкке өтуМедицинские работники во время проверки состояния пассажира в аэропорту Внуково
Медицинские работники во время проверки состояния пассажира в аэропорту Внуково - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Алматы облысы – 4 адам

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 10 адамда коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы – 1 және  Алматы облысында – 4 адам Covid-19 жұқтырды", - делінген хабарламада.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны - 1341 адам.

Алматы қаласы– 393, Нұр-Сұлтан қаласы – 305, Қызылорда облысы – 131, Қарағанды облысы – 84, Ақмола облысы – 81, Атырау облысы – 70, Жамбыл облысы – 50, Түркістан облысы – 49, Шымкент – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Алматы облысы – 29, Батыс Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 14, Павлодар облысы – 13, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.

240 адамның жазылғаны хабарланды, 16 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0