Қоғам

Нұр-Сұлтанда бір аудан қоршауға алынды

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция мен ұлттық гвардия Нұр-Сұлтанда тәртіпті қадағалауда
Полиция мен ұлттық гвардия Нұр-Сұлтанда тәртіпті қадағалауда  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин аймағында аудан тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді, аудан аумағына кіруге тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов-Мұстафин көшелері квадратында тұрғын үй ауданы аумағында қатаң карантин режимі енгізілді. Бұл аумақта тоғыз үй карантинге алынды.

Тиісті қаулыға 15 сәуірде астананың бас санитар дәрігері қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Карантин аймағында аудан тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді. Көшеге тек жұмысқа, дүкенге және дәріханаға бару үшін шығуға болады.

Осы көшелерде тұратын тұрғындарға карантин аймағының аумағынан көлікпен шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, аудан аумағына кіруге де рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: "Үш күн бойы ауырған": Нұр-Сұлтанда көз жұмған ер адам туралы ақпарат шықты

Бұдан бөлек, жеке көлікпен тұрғын үй ауласынан және тұрағынан шығуға және кіруге тыйым салынды. Тек "Сергек" базасында тіркелген, жұмыстан анықтамасы бар адамдарға, қаланың шұғыл қызметтеріне, яғни, жедел жәрдем, полиция және өрт қызметіне рұқсат етіледі.

Әкімдіктен атап өткендей, барлық шектеу уақытша және коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Жаңалықтар
0