Елжан Біртанов

"Бұл төтенше жағдай": Министр Біртанов неге алаңдап отырғанын айтты

3966
Әлем елдерінде вирус жұқтырған науқастардың ішінде дәрігерлер бар екенін атап өткен министр, ендігі мәселе оның мән-жайын анықтап, қайталанбауын қадағалау керектігін айтты

АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Коронавирус: не істеу керек" бағдарламасында Қазақстанда коронавирустың таралу деңгейі мен оған қарсы күресу әдістері жайлы, ауруханалар жұмысының жаңа ережесіне қатысты сауалдарға жауап берді.

Министрдің айтуынша, Алматы қаласында науқастар санының күрт артуы алдын ала болжанған жайт және емдеу барысында ешқандай жаңылыс жоқ.

"Алматыда және басқа да өңірлерде инфекцияның даму қарқыны іс жүзінде күтілген, болжанған жайт. Бұл ауру адамнан адамға байланыс кезінде жұғады. Сондықтан бірінші міндет – тұрмыстық байланысты азайту. Карантиннің бұл тұста көп көмегі тиді. Алматыда инфекцияның жұғу деңгейін айтарлықтай төмендеттік", – деді министр.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, Қазақстан ауру таралуының екінші сатысына көшті.

"Біз екінші сатыға көштік, бұл – карантинге шықпаған ұжымдардағы инфекция ошақтарын анықтау. Бұған медицина қызметкерлері, полиция, сондай-ақ оқшаулауға алынған топтар жатады. Сонымен қатар бұл топқа тергеу изоляторлары, қарттар үйлері де кіреді", – деді Біртанов.

Кейбір тәсілдер өзгертілді

Сонымен қатар министр медицина қызметкерлерінің ауру жұқтырғанына тоқталды. Айтуынша, барлық елде ақ халаттылардың дертке шалдыққаны тіркелген.

"Аурудың медициналық ұйымдарда тіркелгені бізді алаңдатады. Бір жағынан бұл күтілген. Барлық елде науқастардың қандай да бір пайызы – дәрігерлер, соған қарамастан біз үшін бұл төтенше жағдай. Бастысы мәселенің мән-жайын анықтау, себептерін түсініп, қайталанбауын қадағалау. Осыған орай, тиісті қорытындылар жасадық. Белгілі бір тәсілдер өзгерді", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Министр аурудың таралуына байланысты әр кезеңнің өз күрес жолы бар екенін айтты. Қаңтарда бір тактикамен жұмыс жүргізілсе, ақпан айында басқа тәсілдер қолданылған. Ал қазір әлемде және елде індеттің кең таралуына байланысты күресу жолының келесі саты жүзеге асырылады.

"Алматы және Нұр-Сұлтанда науқастармен жұмыс істеу үшін жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа да ауруханалардың қызметкерлерін тартамыз. Өйткені, жүкті немесе жарақаттанған адамдар, инфаркт, инсульт алған науқастардың инфекция жұқтырып алу жағдайы көбеюі мүмкін. Ал мұндай науқастарды жұқпалы аурулар ауруханасында емдеу мүмкін емес", – деп түсіндірді министр.

Сол себепті қазір әр аймақта көпбейінді ауруханалар жұмысын инфекциялық аурухана форматында жұмыс істеуге қайта жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Болжам қандай

Сонымен қатар министр инфекция таралуының шыңы сәуірдің орта тұсына дөп келетіні болжанғанын айтты.

"Иә, біз індеттің шыңы сәуір айының ортасына тура келеді деп болжадық. Барлық ел осы кезеңнен өтті, сондықтан жалпы эпидемиологиялық механизмдерді ескере отырып болжам жасаймыз. Біз қазір осы шыңнан өтіп жатырмыз. Наурыз-сәуір-мамыр айында 3 мыңнан 3,5 мыңға дейін науқас болады деп болжадық", – деді ол.

Сонымен қатар министр дәл қазір коронавирус инфекциясымен жиырма мыңнан аса медицина қызметкерінің жұмыс істеп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Біртанов: Коронавирус – емделетін инфекция

"Министрліктің 240 мың медицина қызметкері бар. Мен оларды өте қатты бағалаймын әрі құрметтеймін. Егер менің еркімде болса барлығына үстемеақы берер едім. Наурызда 20 мыңға жуық медицина қызметкері коронавируспен күреске жұмылдырылды, ал қазір олардың саны артты", – деді Біртанов.

3966
Кілт сөздер:
Елжан Біртанов, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтып берді
"Үлкен қауіп бар": Біртанов коронавирус ауылдарға жеткенін айтты
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

85
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

85
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

46
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

46
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті