нәресте

Қазақстанда 2020 жылы балаға ең көп қойылып жатқан есімдер белгілі болды

6748
(Жаңартылды 17:13 17.04.2020)
Ер балаға жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам, ал қыздар арасында Медина, Асылым, Раяна енді

АЛМАТЫ, 17 сәуір –Sputnik. Әділет министрлігінің АХАТ бөлімі 2019-2020 жылдары Қазақстанда ең көп қойылған есімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2019 жылы 4 268 балаға Әлихан есімі берілді. 3 270 балаға Айсұлтан, 2 528 балаға Нұрислам есімі қойылды. Бұл есімдер 2020 жылы да көш бастап тұр. Жыл басынан бері 1 204 Әлихан, 841 Айсұлтан және 765 Нұрислам дүниеге келді", - делінген хабарламада.

Ал қыздардың есімінде өзгерістер бар. 2019 жылы бірінші орында Райана (Раяна) есімі тұрды. 5 601 ата-ана қызына Раяна есімін берді. Екінші орында Медина (5 320 қыз), үшінші орында Айзере (4 510 қыз) есімі тұрды.

"Жасырын ақпарат бар": қазақ балаға қандай есім қоймаған?

"2020 жылы Медина есімі көш бастады. Екінші орында Асылым (Асыл) тұр. 1 183 жаңа туған нәрестеге осы есім берілді. Өткен жылдың көшбасшысы болған Раяна есімі бұл жылы да үштікке кірді. Жыл басталғалы 1 172 нәрестеге Раяна есімі берілді",- дейді АХАТ.

2020 жылы ер балаға жиі қойылған есімдер

1.    Әлихан

2.    Айсұлтан

3.    Нұрислам

4.    Әмір

5.    Алдияр

6.    Әли

7.    Әрсен

8.    Омар

9.    Санжар

10.  Ерасыл

11.  Ислам

12.  Ибрахим

13.  Расұл

14.  Мансұр

2020 жылы қыз балаға жиі қойылған есімдер

1.    Медина

2.    Асыл

3.    Раяна

4.    Айлин

5.    Айзере

6.    Айша

7.    Айым

8.    Аяла

9.    Томирис

10.  Айару

11.  Кәусар

12.  Сафия

13.  Айкөркем

14.  Адина

6748
Кілт сөздер:
ең танымал есімдер, есімдер, бала
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша қыз-келіншекке Ұлболсын есімі берілгені жарияланды
Қазақстандық жұлдыздар балаларына қандай ерекше есімдер қойып жүр?
Шымкентте балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды
Астанада балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды
Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?
Төреғали Төрәлі ұлына ерекше есім берді
Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

49
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

49
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады
Архивтегі фото

Індеттен жазылғандардың саны бес мыңға жуықтады

38
Қазақстанда 9 576 тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып,  оның 4 893-і ауруханадан емделіп шықты   

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Алматы қаласында 28, Нұр-Сұлтан қаласында 11, Шымкент қаласында 3, Жамбыл облысында 3, Қарағанды облысында 8, Қостанай облысында 2, Түркістан облысында 10, Маңғыстау облысында 1 науқас жазылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 4 893.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1029,
  • Алматы қаласы – 1373,
  • Шымкент қаласы – 244,
  • Ақмола облысы – 106,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Алматы облысы – 180,
  • Атырау облысы – 279,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 51,
  • Жамбыл облысы – 176,
  • Батыс Қазақстан облысы – 269,
  • Қарағанды облысы – 217,
  • Қостанай облысы – 62,
  • Қызылорда облысы – 233,
  • Маңғыстау облысы – 116,
  • Павлодар облысы – 148,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 35,
  • Түркістан облысы – 199.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 576 адам коронавирус жұқтырды, оның 37-сі көз жұмды.

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты 

38
Кілт сөздер:
науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Алматы қаласының бас дәрігері үйде емделудің ерекшелігін түсіндірді
"Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды