Қоғам

42 500 теңгені мемлекетке қайтарып бергендер екінші рет өтініш бере ала ма?

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір тек жалақысынан айырылмаған, ақысыз еңбек демалысына шықпаған жалдамалы жұмысшылардан ғана қайтару-қайтармау мәселесі туындап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені қайтарудың қажеті жоқ екенін қадап айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Төтенше жағдайға байланысты жәрдемақыны заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылады дегенді естігеннен кейін, кейбір азамат алған 42 500 теңгесін мемлекетке қайта аударған. Олардың арасында, әлеуметтік төлемге ілігіп тұрған жандар да бар екен.

Онлайн брифинг барысында министр төлемді кері қайтарғандар екінші рет өтініш бере ала ма деген сұраққа жауап берді.

"Әу баста ештеңені қайтармау керек еді. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамдардан қайтаруды ешкім талап еткен жоқ. Ешкімге қайтарудың қажеті жоқ. Қазір тек жалақысынан айырылмаған, ақысыз еңбек демалысына шықпаған жалдамалы жұмысшылардан ғана қайтару-қайтармау мәселесі туындап отыр", – деді Нұрымбетов.

Ол төлемді кері қайтарғандар 42500@enbek.kz және 42500@gfss.kz поштасына хат жолдауы тиіс екенін айтты.

"Біз өтінішті қарап, әлеуметтік төлемді қалай қайтарып алуға болатынын түсіндіреміз", – деді министр.

Нұрымбетов әлеуметтік төлемді қайтару мерзімі мен тәртібі жоқ екенін айтты.

"Егер сіз қателескеніңізді көріп тұрып, қайтарамын десеңіз, жағдайыңыз келген кезде, қайтарыңыз. Қайтармаймын десеңіз де өзіңіз білесіз", – деді ол.

Жаңалықтар
0