Қоғам

Ресейден келген 16 адамнан COVID-19 табылды 

© REUTERS / NAVESH CHITRAKARВрач берет у женщины анализ на коронавирус
Врач берет у женщины анализ на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысында COVID-19 диагнозымен 63 адам тіркелді. Республика бойынша науқастардың саны 1 757-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 16 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың барлығы Ресейде вахтамен жұмыс істеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

"Коронавирус анықталған 16 адамның ішінде алтауы  - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары, сегізі – Түркістан облысының тұрғындары, тағы екеуі Жамбыл облысында тұрады. Барлығы Ресейде вахтамен жұмыс істейді", - делінген әкімдіктің Telegram арнасында.

Ресейден қайтып келе жатқанда 14 жұмысшы Саратов облысымен шектесетін жерде "Тасқала" бақылау-өткізу бекеті арқылы өтсе, екеуі Самара облысынан "Сырым" бекеті арқылы кірген. Шекарада олардың дене қызуы болған жоқ. Дегенмен, барлығын карантиндік стационарларға жатқызды.

"Полимеразалық тізбек реакциямен жасалған диагностикалық зерттеудің нәтижесінде 16 пациенттің COVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі кезде науқастар облыстық инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық", - дейді мамандар.

Бұдан бөлек, облыста 58 жастағы Орал қаласының тұрғынынан да коронавирус инфекциясы табылды. Ол үй карантинінде жатқан. Себебі бұған дейін науқаспен байланыста болды. Оны да облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызды. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысында COVID-19 диагнозымен 63 адам тіркелді. Республика бойынша науқастардың саны 1 757-ге жетті.

Жаңалықтар
0